ҚТЖ басшылығы туризмді дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді

Жаңалықтар
11.07.2025, 13:32
Оқуға 2 мин

Жаңа буындағы «Burabay Express» электр пойызының іске қосылуына орай, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов туристік және көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне арналған көшпелі кеңес өткізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара Астана – Бурабай курорты бағыты бойынша жүретін пойыз бортында өтті. Кеңеске Көлік министрлігі, «KazakhTourism» АҚ және Туризм комитетінің өкілдері қатысты.

Кеңес барысында курорттық аймақтармен (Алакөл, Бурабай, Балқаш) теміржол қатынасын дамыту, вокзалдарды жаңғырту және қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Жолаушыларды тасымалдау үшін қолайлы жағдайлар жасауға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, балаларға арналған жеңілдікпен жол жүру мүмкіндіктері отбасылық туризмді дамытуға жақсы алғышарттар жасайтыны атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша Басқарма төрағасы жолаушылар пойыздарының басымды қозғалысын қамтамасыз етуді, кестеден ауытқуды жедел әрекет ету арқылы азайтуды, сондай-ақ туристік бағыттарды дамыту мен қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге басымдық беруді тапсырды.

Ел аумағындағы 125 вокзалдың жөндеу жұмыстарының барысы да жеке қаралды. Жұмыстардың мерзімінде және сапалы орындалуының маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Вокзалдан бастап межелі жерге жеткенге дейінгі сапардың барлық кезеңінде қызмет көрсету деңгейін арттыру – «ҚТЖ» үшін басты басымдық болып қала береді.

«Burabay Express» жаңа буындағы пойыздарының іске қосылуы – ішкі туризмді дамыту және теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі Компания стратегиясының бір бөлігі.

 

Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды