ТХКБ үшін жаңа серпін: Қазақстан, Әзірбайжан және Грузия стратегиялық құжатқа қол қойды

Жаңалықтар
01.10.2025, 17:47
Суретті түсірген Александр Жабчук

Алматыда өткен New Silk Way VII халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы аясында Транскаспий халықаралық көлік бағдарындағы (ТХКБ) «тар жерлерді» жою жөніндегі стратегиялық маңызды іс-шаралар жоспарына қол қойылды. Құжатқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Әзірбайжан темір жолдары» ЖАҚ және «Грузин темір жолы» АҚ қол қойды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жоспардың мақсаты — Қытай, Орталық Азия және Еуропа арасындағы негізгі еуразиялық дәлізге айналып келе жатқан ТХКБ маршруты бойынша тасымалдаудың тиімділігі мен үздіксіздігін арттыру. Осылайша, үш теміржол әкімшілігі логистикалық процестерді одан әрі интеграциялауға және маршрут инфрақұрылымын дамытуға, маршруттың дамуын синхрондауға бағытталған құжатты бекітті.  

Стратегиялық құжаттың негізгі бағыттары:  

- ТХКБ-ның бүкіл бағыты бойынша бірыңғай ұзақ мерзімді тарифті белгілеу.

- Маршрут бойынша өткізу қабілетін арттыру.

Тараптар порт, теміржол және логистикалық инфрақұрылымды дамыту, тар жерлерді жою және рәсімдерді цифрландыру жөніндегі іс-қимылдарды бірлесіп үйлестіруге уағдаласты.

Қол қойылған құжат Қазақстанның еуразиялық көлік жүйесіндегі негізгі буын ретіндегі рөлін күшейтетін тұрақты, бәсекеге қабілетті және стратегиялық маңызды бағыт ретінде ТХКБ-ны дамытудың жаңа кезеңін білдіреді.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда