ҚТЖ және Dynamic Aviation жүк авиациясы саласындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Жаңалықтар
03.10.2025, 09:04

Астанада "Қазақстан темір жолы» ҰК" АҚ мен бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТоқаевтыңНью-Йоркке (АҚШ) жасаған сапары аясында Мемлекет басшысының  қатысуымен өткен дөңгелек үстелде болған америкалық Dynamic Aviation компаниясының басшылығының кездесуі өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тараптар ҚТЖ жүргізіп жатқан ұлттық жүк авиатасымалдаушыны құру жөніндегі жұмыс шеңберінде жүк авиатасымалдарын дамытудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. 

Dynamic Aviation нарықта 1997 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде АҚШ-тағы ең ірі мамандандырылған авиация операторларының бірі болып табылады. Компания тапсырыс берушінің міндеттері үшін ұшақтарды пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге және өзгертуге маманданған. Dynamic Aviation-ның басты артықшылығы мамандандырылған шешімдерді жүзеге асырудағы бірегей сараптамасы болып табылады.

Dynamic Aviation тәжірибесі Қазақстанның ұлттық жүк авиатасымалдаушысы сервисінің сенімділігі мен жоғары сапасын қамтамасыз ету мақсатында операциялық модельді қалыптастыру және техникалық қызмет көрсетудің заманауи стандарттарын енгізу кезінде пайдаланылуы мүмкін. 

Қатысушылар елдің транзиттік әлеуетін нығайтудың және оның Жібек жолындағы негізгі буын ретіндегі рөлін арттырудың қосымша факторы болып табылатын Қазақстанның көлік жүйесіндегі авиациялық құрамдас бөлігін дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті