2 қарашада Астана-Қарағанды-Сұрыптау  теліміндегі Аршалы станциясында,  балаларының пойыз құрамында екенін  хабарлаған ата-аналардан түскен қоңыраудан кейін,  сағат 18:32-де желілік ішкі істер бөлімі (ЖІІБ) қызметкерлерінің өтініші бойынша,  жүк пойызы тоқтатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Аршалы станциясының ІІБ қызметкерлері 8, 10 және 11 жастағы үш баланы бір вагоннан түсірді.

Тексеру барысында балалар Астана станциясында жүргенде жәй қызығушылықпен ойнап вагонға кіріп, пойыз жүріп кеткеннен кейін ата-аналарына қоңырау шалғаны анықталды.

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ темір жол – бөгде адамдардың болуына қатаң тыйым салынған аса қауіпті аймақ екенін еске салады. Компания ата-аналарды балалармен алдын ала әңгімелесуге және оларға теміржол инфрақұрылымы нысандарында болуға және ойнауға   болмайтынын түсіндіруге шақырады.