Қазақстан мен Ресей көлік саласындағы әріптестікті дамыту жөнінде келісімдерге қол қойды

Жаңалықтар
13.11.2025, 09:41
Сурет: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына мемлекеттік сапары аясында көлік және логистика саласындағы стратегиялық әріптестікті нығайтуға бағытталған бірнеше екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Rail-news.kzАқордаға сілтеме жасап.

Қазақстан атынан құжаттарға көлік министрі Нұрлан Сауранбаев қол қойды.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасында көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жасалды. Бұл құжат көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимылды дамытуға арналған. Екі тарап заңсыз араласу әрекеттерінің алдын алу, жедел ақпарат алмасу және қауіп туындаған жағдайда уәкілетті органдардың іс-қимылын үйлестіру бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады.

Сонымен қатар, тараптар Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы үшінші елдерге экспортталатын жүктердің транзиттік теміржол тасымалы мен тиеу-түсіру жұмыстарындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім екі елдің транзиттік әлеуетін арттырып, логистикалық тізбектерді оңтайландыруға және халықаралық жүк тасымалының тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, шекара маңындағы инфрақұрылымды жаңғырту мақсатында ресей-қазақ мемлекеттік шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттерін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары («Жол картасы») бекітілді. Оның жүзеге асуы өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттырып, шекарадан өту уақытын қысқартуға және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға жол ашады.

Қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Ресей арасындағы көлік саласындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуге бағытталған және олардың жүзеге асуы Еуразия кеңістігіндегі тұрақты логистикалық бағыттарды қалыптастыруға, транзиттік дәліздерді дамытуға әрі екі елдің көлік торап ретіндегі рөлін күшейтуге ықпал етпек.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты