25 жыл қызмет еткен қызметкерді ұжым ерекше құрметпен шығарып салды

Жаңалықтар
24.11.2025, 16:32
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалы Қорларды басқару департаментінің директоры Гүлнар Аманбаева көп жылғы еңбегінің зейнетін көруге құрметті демалысқа шықты. Ұлттық компанияда ширек ғасырдан астам еңбек еткен маманды әріптестері үлкен қошемет-құрметпен шығарып салды.

Гүлнар Салыққызы – теміржол саласының қаржыгерлер қауымына кеңінен таныс тұлға. Еңбек жолын 1983 жылы еліміздегі жетекші жоғары оқу орындарының бірінде экономика кафедрасының оқытушысы болып бастаған ол аспирантураны бітіріп, банк саласында жауапты қызметтер атқарған. Темір жолдағы қызметі 1998 жылы басталып, ҚТЖ құрылып-қалыптасқан жылдары көп істің басы-қасында жүрді. Ұлттық компанияда экономикалық қызметті басқарып, көптеген ірі құрылымдық бөлімшелер, кәсіпорындар, филиалдардың қаржылық қызметін қалыптастыруда зор еңбек сіңірді.  

Әріптестері оның жетекшілігімен компанияның операциялық қызметіне қыруар қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берген үлкен-үлкен жобалар әзірленіп, енгізілгенін айтады. Бір ғана мысал, 2017-2018 жылдары Гүлнар Салыққызы «Сатып алуды санатты басқару» трансформациялық жобасына жетекшілік етіп, нәтижесінде осы жоба бойынша тікелей экономикалық тиімділік 27,2 млрд астам теңгені құрайды. Осындай тиімді жобалар білікті маманның еңбек қоржынында жеткілікті. 2022 жылы Гүлнар Аманбаева «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.  

– Гүлнар Салыққызы алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуде табандылықтан таймайтын, өте білімді де іскер, өз ісіне берілген адал маман әрі әділетті басшы бола білді. Кез келген бастамада әр ұсынысты ой таразысына сала отырып, кәсіби шешім қабылдайтын жан, – дейді кейіпкерімізді зейнет жасымен құттықтауға келген әріптестері.  

Қаржыгер маманның еңбектері еліміздің бірнеше ғылыми экономикалық журналдарында жарық көріп, мықты сарапшы ретінде тиімді ұсыныстары өндіріске енгізілген. Құшағы шоқ-шоқ гүл мен сый-сияпатқа толған Гүлнар Аманбаеваға әріптестері ең ізгі тілектерін арнап, басшылық көп жылғы адал еңбегі үшін алғыс айтты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты