Талғат Алдыбергенов теміржолшыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Жаңалықтар
16.12.2025, 12:59

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов теміржолшыларды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Құрметті сала ардагерлері және әріптестер!

Тәуелсіздік күніне орай ізгі құттықтауымды қабыл алыңыздар! 

Бұл күн – еліміздің ұлттық мүдделерін қорғау мен ерлігіне тағзым етуді, кешегі күндер мен болашақ ұрпақтың ажырамас байланысын білдіретін мереке. 

Экономикалық өсімдегі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының рөлі ерекше екендігін айта кетпекпін. Тәуелсіздік алған уақыттан бері елімізде 2,5 мың шақырымға жуық жаңа теміржол салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Магистральдық теміржол желісін дамытудың 2029 жылға дейінгі бағдарламасы іске асырылып жатқанын атап өтпекпін. Сондай-ақ 2030 жылға қарай Ұлттық тасымалдаушының жолаушылар вагондары паркін жаңарту 100% құрайды деп жоспарлануда. Бүкіл еліміз бойынша 124 вокзалды жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы жүзеге асырылуда. Әрине, бұл ауқымды шаруалар сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасы деп білемін. 

Бұл ретте қуатты әлеуетке ие егемен мемлекет құруда теміржолшылардың үлесі де орасан екенін атап өткім келеді. Күрделі міндеттерді шешу біздің қолымыздан келетінін уақыт айқын көрсетіп отыр. Алға ұмтылысымызды жалғастырып, жоспарларымызды сәтті орындайтынымызға сенімдімін. 

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға татулық, жұмыстарыңызға табыс, ал елімізге өркендеу мен береке тілеймін! 

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды