Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстан Еуразияның басты көлік хабына айналады

Жаңалықтар
05.01.2026, 13:13
Сурет: Ақорда
Қазақстан теміржолшысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан» газетіне берген сұхбатында еліміздің көлік-логистика саласын дамытудың стратегиялық жоспарларын жария етті. Президенттің айтуынша, Қазақстан өзінің географиялық артықшылығын пайдалана отырып, жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Президент Қазақстанның теңізге шыға алмайтындығына қарамастан, Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасуы үлкен мүмкіндік екенін атап өтті.

«Мақсат-мүддемізге сәйкес Қазақстанды Еуразияның көлік айлағы (хабы) ретінде қалыптастыру – бұл салада атқарылатын жұмыстың басты бағыты», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сұхбат барысында Мемлекет басшысы нақты инфрақұрылымдық жобаларға тоқталды:

«Достық – Мойынты» магистралі: Бұл жоба Қытай мен Еуропа арасындағы жүк тасымалын 5 есе арттырады.

Жаңа желілер: Алдағы уақытта «Мойынты – Қызылжар», «Бақты – Аягөз» және «Дарбаза – Мақтаарал» теміржолдары іске қосылмақ.

Ауқымды жаңғырту: 2030 жылға дейін 5 мың шақырым теміржол салынып, 11 мың шақырым жол жөндеуден өтеді.

«Орталық – Батыс» күре жолы: Елорда мен батыс аймақтар арасын 500 шақырымға қысқартатын стратегиялық нысан болмақ.

Қазіргі таңда Қытай мен Еуропа арасындағы құрлық жолымен тасымалданатын жүктің 85 пайызы Қазақстан арқылы өтеді. Еліміз «Бір белдеу – бір жол», «Солтүстік – Оңтүстік» және Транскаспий халықаралық көлік бағытын («Орта дәліз») дамытуға ерекше мән беріп отыр.

Президент көлік саласының тек инфрақұрылым емес, геосаясаттың бір бөлігіне айналғанын атады.

«Көлік және логистика мәселесі геосаясаттың ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан, Қазақстан үшін де оның айрықша маңызы бар», - деді Тоқаев.

Үкіметтің алдына тек жол салу емес, заманауи сервистік инфрақұрылым мен цифрлық экожүйе қалыптастыру міндеті қойылды. Бұл экономиканың барлық секторына оң әсерін тигізбек.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды