«Ресей темір жолдары» АҚ филиалы монополиялық жоғары бағалар үшін жауапкершілікке тартылды

Жаңалықтар
12.01.2026, 10:47
Сурет: ашық дереккөзден

Қазақтан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті Ресей темір жолдарының филиалы - Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесіне қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша тергеп-тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Тергеп-тексеру «Ресей темір жолдары» АҚ филиалы ұсынатын электронды теміржол вагондарының таразыларына метрологиялық қызмет көрсету қызметтеріне баға белгілеуге қатысты аймақтық кәсіпорынның шағымынан туындаған.

«Нарықтың жай-күйіне талдау қорытындысы бойынша филиалдың әрекеттері үстем жағдайды теріс пайдалану болып табылатынын, бұл қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу және ұстап тұруда көрініс тапқанын көрсетті, бұл жағдай тергеп-тексеру жүргізуге негіз болды. Тергеп-тексеру Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 174-бабының 1) тармақшасын бұзғанын растады. Ресей темір жолдары бөлімшесіне қатысты әкімшілік іс қозғалып, бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды», - деп хабарлады департамент.

2025 жылдың 24 желтоқсанындағы сот шешімімен Ресей темір жолдары филиалына 1 880 052 теңге айыппұл салынып,  7 327 728 теңге монополиялық кіріс тәркіленді. Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Департаменттің нұсқамасы орындалды. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап электронды вагон таразыларына метрологиялық қызмет көрсету бағасы 754 698 теңгеден 536 357 теңгеге дейін (ҚҚС-сыз) төмендетілді, бұл 28%-дан астам төмендеуді білдіреді.

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды