ҚТЖ және РЖД: 2026 жылға арналған даму басымдықтары анықталды

Жаңалықтар
30.01.2026, 20:28

Мәскеуге жұмыс сапары аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтың «РЖД» ААҚ Бас директоры – басқарма төрағасы Олег Белозеровпен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар 2025 жылдың қорытындысын шығарып, 2026 жылға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын келісті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

2025 жылдың қорытындысы бойынша ҚР мен РФ арасындағы тасымалдау көлемі 3,5% ұлғайып, 92,1 млн тоннаға жетті (2024 жылғы деңгейге+3,1 млн тонна), экспорт: 52,9 млн тонна (+4,3%), транзит: 25,6 млн тонна (+8,8%).

Қазақстандық астықты РФ аумағы арқылы тасымалдау 2,2 млн тоннаны құрап, үш есе өсімді көрсетті. Бұл ретте Ресей порттары арқылы ауыстырып тиеу 34% (526,4 мың тоннаға дейін) өсті. ҚР-дан РФ порттары арқылы көмір тасымалдау көлемі 11,7 млн тоннаға жеткен өсу динамикасын (+38%) көрсетті.

2026 жылы тасымалдаудың әлеуетті көлемі мемлекетаралық түйісу пункттерінің (МАТП) жобалық өткізу қабілеттілігінен асып кетуі мүмкін екенін ескере отырып, тараптар теміржол инфрақұрылымын ілеспе дамытудың, МАТП-дағы мемлекеттік бақылаушы органдардың үйлестірілген жұмысының және пойыздар алмасу саны мен түйісу станцияларын технологиялық дамыту жөніндегі уағдаластықтарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

«Солтүстік – Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің (ХКД) шығыс тармағын дамыту талқыланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша дәліз бойынша контейнерлік тасымалдау 1,5 есе өсті. 

Компания басшылары логистиканы цифрлық трансформациялау саласындағы табысты, атап айтқанда, халықаралық қатынаста электрондық жүкқұжаттарды пайдалануға көшуді атап көрсетті.

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн