Жаңа Конституция – еңбек адамының құқықтық кепілі

Жаңалықтар
02.02.2026, 18:00
Сурет: Конституция кеңесі

Еліміздің басты құжаты – Конституцияның жаңа жобасындағы еңбек құқығына қатысты нормалардың нығаюы қоғамда үлкен қолдауға ие болуда. Бұл өзгерістердің мәні тек терминологиялық жаңаруда емес, ол мемлекеттің әрбір азамат алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін жаңа деңгейге көтереді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ұжымы Ата Заңдағы бұл жаңашылдықтарды еңбек адамының мәртебесін асқақтату деп біледі, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа редакцияда бұрынғы «еңбек бостандығы» формуласының орнына «Еңбек құқығы» ұғымы нақтыланды. Бұл – Қазақстанның халықаралық стандарттарға, атап айтқанда, Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіге толық сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

«Еңбек құқығы» терминіне баса назар аудару – мемлекеттің әлеуметтік-құқықтық кепілдіктерді өз мойнына алатынын білдіреді. Бұл тек жұмыс істеуге рұқсат беру ғана емес, сонымен қатар: Жұмыспен қамтуға тең қолжетімділік; Еңбек саласындағы кемсітушілікке жол бермеу; Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттің оң міндеттемелерін орындау.

«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ үшін еңбек құқығының конституциялық деңгейде нығаюы ерекше маңызға ие. Компания еліміздегі ең ірі жұмыс беруші ретінде мыңдаған теміржолшының құқығын қорғауды, қауіпсіз еңбек жағдайын жасауды және әлеуметтік пакеттерді қамтамасыз етуді басты басымдық деп санайды.

Конституцияда еңбек құқығының айқын көрсетілуі – әрбір теміржолшының ертеңгі күнге деген сенімін арттырады. Бұл нормалар біздің компаниядағы ұжымдық шарттардың құқықтық негізін одан әрі нығайтып, еңбек қатынастарының халықаралық стандарттар деңгейінде дамуына жол ашады.

Конституциялық терминологияның халықаралық стандарттарға жақындауы шарттық міндеттемелерді түсіндіруді жеңілдетіп, еңбек дауларының алдын алуға мүмкіндік береді. Бұл – Қазақстанның әлемдік деңгейдегі өркениетті еңбек нарығын қалыптастыруға деген нық қадамы.

Қорыта айтсақ «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Жаңа Конституциядағы еңбек құқығына қатысты нормаларды толық қолдайды. Бұл өзгерістер еліміздің көлік-логистика саласында тер төгіп жүрген әрбір маманның құқықтық қорғалуын қамтамасыз етіп, әділетті Қазақстан құрудың берік негізі болмақ.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты