Теміржол кластерінің бес кәсіпорны Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енді

Жаңалықтар
10.02.2026, 09:42
Сурет: Railways Systems KZ
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Railways Systems KZ холдингінің бес кәсіпорны Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Қазақстандық тауар өндірушілерінің тізіліміне енді. Тізілімге ену локализация деңгейін, нақты өндірістік қуаттылықтардың бар екендігін және мемлекеттің өнеркәсіптік саясатының талаптарына толық сәйкестігін ресми растауды білдіреді.

Теміржол холдингі алға тартқан ақпаратқа сүйенсек, Екібастұз бен Петропавлда орналасқан кәсіпорындар Қазақстандық тауар өндірушілердің (ҚТӨ) тізіліміне, яғни отандық өндіруші мәртебесін растау үшін құрылған мемлекеттік цифрлық жүйеге енді. Тізілім адал өндірушілерді қолдауға және отандық бизнес үшін ашық нарық құруға бағытталған. Жаңа тетік қазақстандық тауар өндіруші мәртебесін берудің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Нақты қазақстандық тауар өндірушілер ретінде ҚТӨ тізіліміне енгізілген кәсіпорындар ғана реттелетін сатып алуларға қатысып, мемлекеттік қолдау шараларын ала алады.  

Ал тауар өндіруші тізіліміне енгізілген кәсіпорындарға келетін болсақ, олар: тұтас таптамалы дөңгелектер өндірісімен айналысатын «Проммашкомплект», жылжымалы құрам шығаратын бұрынғы «ЗИКСТО», қазіргі «RWS Wagon», бағыттамалы бұрмалар өндірісі бойынша «ПРОММАШ.KZ», рельстің бекітпе элементтерін шығаратын «R.W.S. BINDING» және алдын ала кернеуленген темірбетонды шпалдар өндірісімен айналысатын «R.W.S. Concrete» ЖШС кәсіпорындары.  

«Теміржол машинасын жасауды дамыту бүгінде Қазақстанның өнеркәсіптік және көлік қауіпсіздігінің негізгі факторларының бірі болып табылады. Инфрақұрылымды ауқымды жаңарту, транзиттік тасымалдардың өсуі және жылжымалы құрамның тозуы жағдайында отандық өндірушілер саланың тұрақты дамуына негіз болады», – деп атап өтті Railways Systems KZ холдингінің бас директоры Роман Павлингер.  

Railways Systems KZ холдингінің негізгі бәсекелестікте артықшылықтарының біріне автоматтандырудың жоғары деңгейін атап өтуге болады. Айталық, тұтас таптамалы дөңгелектер зауытында өндірістік жабдықтар мен басқару компьютерлерін бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіретін роботтық жүйе енгізілген. Барлық процестер нақты уақыт режимінде бақыланады, бұл адам факторының әсерін азайтуға, өнімнің тұрақты сапасын және өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр. 2025 жылдың өндірістік нәтижелері таңдалған даму моделінің тиімділігін растады. Жылжымалы құрам кәсіпорны 800 доңғалақ жұбын, сондай-ақ 1525 жүк вагонын шығарды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 269 пайызға және 2023 жылмен салыстырғанда 388 пайызға артық.  

Компания өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда жүк вагондары үшін аса маңызды компоненттердің көпшілігі Қазақстан аумағында өндіріледі. Компания локализация деңгейін дәйекті түрде арттырып, импортқа тәуелділікті азайту арқылы 50 пайыз және одан жоғары көрсеткішке ұсталуда.

 

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады