25.09.2026 — Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні

Алматы-1 вокзалының сейсмикалық төзімділігі күшейтілуде

Жаңалықтар
18.02.2026, 13:56
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбуғанов Алматы-1 теміржол вокзалының қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Көшпелі кеңеске мердігер ұйымның, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, техникалық қадағалау қызметінің және қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

Құрылыс-монтаж жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жоба аясында вокзал ғимараты мен вокзал кешенінің бүкіл инфрақұрылымын кешенді жаңғырту көзделген. Инженерлік желілер жаңартылып, заманауи энергиямен жабдықтау, желдету, цифрлық бақылау және қауіпсіздік жүйелері енгізілуде.

Жобаның негізгі басымдығы – нысанның сейсмикалық төзімділігін арттыру. Тірек конструкциялары күшейтіліп, ғимарат өңірдің сейсмикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкестендірілуде. 

Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңартылуда.

Қайта жаңғырту нәтижесінде вокзалдың өткізу қабілеті артып, жолаушыларға қызмет көрсету жағдайы жақсарады, толыққанды кедергісіз орта қалыптастырылады. Жаңартылған нысан қауіпсіз, технологиялық және жайлы болады.

Қайта жаңғырту жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде