KAZLOGISTICS: жыл қорытындысы мен алдағы жоспар талқыланды

Жаңалықтар
19.02.2026, 16:09
Суретті түсірген Александр Жабчук
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Үстіміздегі жылдың 19 ақпаны күні «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының жылдық жалпы қорытынды жиыны өтті. Күн тәртібінде Одақтың 2025 жылғы жұмыс қорытындысы қаралып және 2026 жылға арналған Одақ іс-шараларының жоспары бекітілді, сондай-ақ көлік түрлері бойынша одақтың жұмыс тобы басшылары өз салалары бойынша проблемалық мәселелерді қозғап, 2026 жылы қызметтерді жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.  

Бірінші болып сөз алған «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының төрағасы Талғат Алдыбергенов, ұлттық теміржол компаниясының 2025 жылғы қызметінің қорытындыларына қысқаша тоқталып өтті. Тарифтік жүк айналымы 10%-ға өсіп, 289 млрд тонна-километрге жеткені, ал тасымалдардың жалпы көлемі 5,5%-ға, яғни 320 млн тоннаға дейін ұлғайғаны атап өтілді. Экспорттық тасымалдар 89 млн тоннадан асып жығылса, транзит 20% өсіп, 33 млн тоннаны құрағаны және де бұл Қазақстанның негізгі транзиттік хаб ретіндегі рөлінің күшейе түскенін растап отырғаны айтылды. 

ҚТЖ өткен жылы инфрақұрылымды белсенді дамытуды жалғастырып, Достық-Мойынты учаскесіндегі екінші жолдар құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгені белгілі. Міне, осы жолдар арқылы 6 млн тоннаға жуық жүк немесе 100 мыңнан астам вагон тасымалданды. Сондай-ақ, Алматы станциясының теміржол торабының айналма желісі бойынша жұмыс қозғалысы ашылды. Жалпы, құрылыс және жаңғырту жұмыстары  3 900 км теміржол желісін қамтып, бұл желінің өткізу қабілеті мен тұрақтылығын арттыруға бағытталғаны тілге тиек етілді.  

Келелі кеңесте одақтың 2025 жылғы жұмыс қорытындысы туралы  «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының бас директоры Қанат Әлмағамбетов баяндады.  

«2025 жыл біздің Одақ үшін отандық бизнестің мүдделерін белсенді қорғау және Қазақстанның негізгі логистикалық хаб ретіндегі халықаралық мәртебесін нығайту кезеңі болды. Көлік секторы қызметтерінің көлемі 20,4% артып, рекордтық өсімді көрсетті. Жүк тасымалы көлемінің 7%-ға өсті. Бұл ел экономикасын дамытудың басты драйвері ретінде көліктің мәртебесін растайды. Көліктің барлық салаларында әкімшілік кедергілерді азайту және заңнаманы жетілдіру бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды», – деп атап өтті Қанат Есмұханұлы.  

Оның айтуынша, өткен жылы темір жол көлігі бойынша жұмыс топтарының отырыстары министрлікте, ҚТЖ-да бірнеше мәрте өткізіліп, проблемалардың бір бөлігі шешілгенімен, алайда, осы жылы шешімін табуды талап ететін үлкен мәселелер жеткілікті екен. Осыған орай, биыл Көлік министрінің келісімі бойынша шешім қабылдау үшін мәселелерді қарау мәртебесі мен деңгейін көтеру мақсатында көлік салалары бойынша вице-министрлердің басшылығымен жұмыс топтарын құру жоспарланып отырғаны мәлім болды.  

– Мемлекет бизнесті және бизнес мемлекетті ести алатындай бірлескен жұмыс жүргізіп, диалог құра алған кезде ғана біздің көлік мүмкіндіктерімізді толыққанды іске асырып, көлік саласын дамытуда туындайтын кедергілерді жоя алатынымызға сенімдіміз, – деді Қанат Әлмағамбетов.

Өткен жылы іске асқан игілікті іс-шаралардың қатарында, Қазлогистикс электронды кітапханасының құрылуы аяқталған, ол 2015 жылдан бастап жүргізілген барлық зерттеулерді қамтыған және Одақ  мүшелері үшін тегін 300-ден астам дерек көздерінен көлік және логистика бойынша өзекті ақпарат орналастырылады екен. Сонымен қатар «Сатмар» бағдарламасы жасалып біткен. Онда  бизнестің жылдам әрі тиімді жұмыс істеуіне көмектесетін негізгі аналитикалық және статистикалық мәліметтер жинақталған. Бұдан кейін Одақтың бас директоры 2026 жылға межеленіп отырған іс-шаралар жоспарымен бөлісті.  

– Басым бағыттардың бірі уәкілетті органмен, «Атамекен» ҚР ҰКП, ҚТЖ және басқа да нарық субъектілерімен көлік саласы мен логистиканы дамытудың барлық негізгі бағыттары бойынша өзара іс-қимылды күшейту болмақ. Одақ мүшелерімен және көлік саласы кадрларын даярлаудың, сондай-ақ, ғылым мен зерттеулерді дамытудың барлық процестерімен жұмыс істеуге, қала берді саланы дамытудағы кедергілерді жоюды жеделдетуде цифрландыру мен ЖИ-ді қолдануға баса назар аударуды жоспарлап отырмыз, – деп түйіндеді сөзін Қанат Әлмағамбетов.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты