Ақтөбе теміржолшылары Мемлекеттік кеңесші мен жұртшылықтың қатысуымен конституциялық реформаны талқылады

Жаңалықтар
26.02.2026, 16:27

Ақтөбеде алдағы республикалық референдумның ережелерін түсіндіру бойынша ауқымды кездесу өтті. Іс-шараның негізгі спикері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Еран Қарин болды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Талқылауға «Әділ және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясының өкілдері, Дания Еспаева, Ерлан Сәрсембаев, Раушан Қажыбаева, облыс әкімі Асхат Шахаров, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов, сондай-ақ Ақтөбе теміржол бөлімшесі мен Ақтөбе рельс арқалық зауытының еңбек ұжымдары және басқалар қатысты. 

Кездесудің басты тақырыбы мемлекет дамуының стратегиялық бағыты ретінде конституциялық реформалардың мазмұнын талқылау болды. Мемлекеттік кеңесші теміржол саласы қызметкерлерінің ұлттық экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөлін атап өтті. Ол негізгі Заңның жаңартылған редакциясының жобасы мемлекеттік саясаттың әлеуметтік бағдарлануын күшейтетінін, еңбек құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін бекітетінін және еңбек адамының мәртебесін арттыратынын алға тартты.

Қорытындылай келе, кездесуге қатысушылар Конституцияға ұсынылған өзгерістер мемлекеттің азаматтар алдындағы жауапкершілігін нығайтуға және елдің ұзақ мерзімді дамуы үшін берік құқықтық негіз құруға бағытталғанын атап өтті. Соңында «сұрақ-жауап» форматында ашық диалог болды.

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты