Еңбегі еленген теміржолшы

Жаңалықтар
06.03.2026, 08:25
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Әйелдер мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ ұжымы Сату және клиенттермен жұмыс департаментінің жоғарғы дәрежелі менеджері Орынтай Рахимованы зейнет демалысына шығарып салды.

Орынтай Сәбиденқызы – теміржолшы Қашановтар әулетінің үшінші ұрпағы. Атасы заманында теміржолшы әулетінің негізін қаласа, әкесі Сәбиден Қалубиденұлы Ұлы Отан соғысына қатысып, кейін Көлік милициясында отыз жылдан астам уақыт еңбек етіп, «Құрметті теміржолшы» атанған. Ал біздің кейіпкеріміз Орынтай – саналы ғұмырының қырық жылын темір жолға, оның ішінде жолаушылар тасымалына арнаған жан. Еңбек жолын 1986 жылы Тың теміржолында бастаған ол Целиноград станциясында билет кассирі, кейін «Солтүстік» филиалының теміржол вокзалдары билет кассирлерінің қаржылық қызметін тексеретін техник, тағысын тағы түрлі қызмет сатысынан өтіп, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сату және клиенттермен жұмыс департаментінің 16-шы дәрежелі менеджері лауазымына дейін көтерілді.  

Орынтай Сәбиденқызының жолаушылар тасымалын дамытуға қосқан еңбегі ұшан-теңіз. Ол 2014 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да электронды билет технологиясын енгізу жобасына қатысты, қазіргі уақытқа дейін бұл жоба электронды билеттерді сатуды басқаруға және жолсеріктің мобильді терминалы арқылы пойызға отырғызуды бақылауға арналып отыр.  

Клиентке бағдарлануды дамыту және жолаушыларға ұсынылатын сервисті арттыру шеңберінде 2021 жылы «Әйелдер вагондары» жобасын енгізді және ұлттық тасымалдаушы бұл арнайы вагондарға билеттерді сатылымға шығарды. Осылайша, 2021 жылғы 10 қазаннан бастап әйел адамдарға арналған жол жүру құжаттарын ресімдеу бойынша жаңа қызмет іске қосылды.  

Орынтай Рахимованың жолаушыларға көрсетілетін сервисті жақсарту, саланы дамытудағы ерен еңбектері «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығы тарапынан әділ бағаланып, «Адал еңбегі үшін» медалімен, «Үздік маман» белгісімен, ал 2023 жылы Президенттің жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Әріптестері Орынтай Сәбиденқызының атына жылы лебіздерін жаудырып, бағалы сыйлықтар мен десте-десте гүл шоқтарын тарту етіп, лайықты зейнет демалысына зор салтанатпен шығарып салды.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты