ТХКБ бойынша тасымал көлемі соңғы 7 жылда 5 есе өсті

Жаңалықтар
10.03.2026, 12:44

Соңғы 7 жылда Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша тасымал көлемі 5 есеге өсіп, жылына 0,8 млн тоннадан 4,5 млн тоннаға дейін жетті. Бұл оның жаһандық логистикадағы рөлін нығайтудағы маңызды қадам болды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сонымен қатар контейнерлік тасымалдарда айтарлықтай өсім байқалады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша аталған бағыт арқылы шамамен 77 мың ЖФЭ тасымалданды. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 300 мың ЖФЭ-ге жеткізу жоспарлануда.

Бүгінде ТХКБ Қытайды, Қазақстанды, Кавказ елдерін, Түркияны және Еуропа нарықтарын байланыстыратын қалыптасқан мультимодальды көлік артериясына айналды.

Тасымал көлемінің артуы тек инфрақұрылымды кеңейтудің ғана емес, сонымен қатар маршрутқа қатысушы елдер мен көлік операторлары арасындағы стратегиялық әріптестіктің дамуының нәтижесі болып табылады.

Өсімнің негізгі факторлары:

  •       халықаралық тасымалдар үшін қолайлы жағдай жасау, соның ішінде кедендік рәсімдерді жеңілдету;
  •      жеткізу мерзімдерін қысқарту есебінен маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру (мерзімдер 28–32 күннен 13–17 күнге дейін қысқарды);
  •       логистикалық операциялардың сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ететін «бір терезе» қағидаты бойынша жүк тасымалына сұраныстың артуы.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2022 жылы Ақтау қаласында және 2025 жылы Алматы қаласында қабылданған ТХКБ бойындағы «тар жерлерді» жою жөніндегі Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның бірлескен жол карталары аясында жалғасады.

Теміржол және порт инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде Құрық порты акваториясында түбін тереңдету жұмыстары аяқталды. 

Биыл осындай жұмыстарды Ақтау портында жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ Құрық портында БАӘ-нің «Abu Dhabi Ports Group» компаниясымен бірлесіп қуаттылығы 5 млн тонна болатын «Саржа» көпфункционалды терминалының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар Ақтау портында контейнерлік хабтың құрылысы аяқталды, Құрық портының №1 айлағындағы көтерме-өтпелі көпір жаңғыртылды. Грузияның Поти портында қуаттылығы 120 мың ЖФЭ болатын қазақстандық терминал іске қосылды.

Еуропалық одақ Ақтау портындағы №3 және №12 айлақтарды қайта жаңғырту жобасына грант бөлуде. Қаражат қолайсыз ауа райы жағдайларында теңіз порттарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін, соның ішінде желге төзімді STS-крандарын қоса алғанда, тиеу-түсіру техникасын сатып алуға бағытталады.

Сауда флотын дамыту аясында Baku Shipyard кеме жасау зауытында екі контейнер тасымалдаушы кемеге тапсырыс орналастырылды. Олардың құрылысы 2027 жылы аяқталады. Сол жылы тағы алты әмбебап құрғақ жүк кемесін жеткізу жоспарланып отыр.

Теміржол саласында ұзындығы 2 мың км-ден асатын инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. 2025 жылы жалпы ұзындығы 911 км болатын жобалар аяқталды. Олардың ішінде Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдарды салу (836 км) және Алматы станциясының айналма теміржол желісі (75 км) бар. Бұл учаскелер ТХКБ бағытының құрамына кіреді.

Бүгінде ТХКБ жаһандық логистикалық желінің маңызды элементі ретінде өзін дәлелдеді. Маршрутқа қатысушы елдер оның дамуын жалғастыру, халықаралық жүк жөнелтушілер үшін тартымдылығын арттыру және өткізу қабілетін ұлғайту бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастырады. 

Осылайша, ТХКБ-ның институционалдық мәртебесін арттыру мақсатында Әзербайжанмен ТХКБ-ны дамыту жөніндегі үкіметаралық ынтымақтастық туралы келісімнің жобасы әзірленді. Құжатқа жақын арада қол қою жоспарлануда.

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті