Елімізде теміржол вокзалдарын модернизациялау жұмыстары жалғасуда

Жаңалықтар
11.03.2026, 14:43
Сурет: Көлік министрлігі

Қазақстанда теміржол вокзалдарын реконструкциялау және модернизациялау жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және модернизациялау кешенді жұмыстары басталды, деп хабарлайды Rail-news.kz. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл жұмыстар жолаушылар үшін вокзалдардағы қолжетімділік пен жайлылықты арттыруға, әсіресе мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ объектілердегі навигация мен қауіпсіздік деңгейін жақсартуға бағытталған.

Бүгінде 36 вокзалда құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2025 жылы келесі станциялардағы вокзалдарда жөндеу жұмыстары аяқталды: Жақсы, Курорт-Бурабай, Макинка, Шортанды, Ұзын-Ағаш, Шамалған, Сағыз, Мақат, Талдықорған, Ақши, Теміртау, Айса, Құсмұрын, Аманқарағай, Талап, Қазалы, Бозшакөл, Тайынша және Жаңаесіл.

2026 жылдың бірінші тоқсанында мына станциялардағы вокзалдарда жұмыстар аяқталды: Семиглавый Мар, Мырза, Сарышаған, Көктұма, Ағадыр, Қарағанды-Сұрыптау, Жаңақорған, Шиелі, Жетісу, Қарасор, Тобыл, Қалқаман, Доссор, Қызылжар, Саумалкөл, Жалтыр және Аққыстау.

Қалған вокзалдардағы реконструкция жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Модернизация нәтижесінде жолаушылар заманауи күту залдарына, жаңартылған навигациялық және ақпараттық жүйелерге, жетілдірілген инженерлік шешімдерге, сондай-ақ барлық санаттағы азаматтарға арналған қолайлы жағдайларға ие болады.

Бағдарламаны іске асыру Қазақстандағы теміржол вокзалдарының инфрақұрылымын заманауи және халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келтіруге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды