Отандық теміржол өнімдері еуропалық стандартқа сай сертификатталуда

Жаңалықтар
08.04.2026, 10:36
Сурет: Gov.kz

Бүгінде Қазақстанның теміржол машиналарын жасау саласында автоматтандырылған технологиялар кеңінен қолданылады. Өнімнің 70%-дан астамы негізгі өндіріс орындары орналасқан Екібастұзда шығарылады, деп хабарлайды Rail-news.kz

Заманауи CNC (Сандық бағдарламалық басқару) станоктарын қолдану жоғары дәлдікпен қайта өңделген өнім өндіруге және ақаулар санын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа технологиялардың басты артықшылықтарының бірі машиналық көру жүйелерінде. Олар ауытқуларды нақты уақыт режимінде анықтап, өндірісті тоқтатпай-ақ түзетулер енгізуге мүмкіндік береді. Мысалы, Екібастұздағы ұста-бандаж кешенінде сапаны автоматтандырылған бақылау жүйелері ақау деңгейін 0,1%-ға дейін төмендетіп, өнімнің сенімділігін арттырды. Бұдан бірнеше онжылдық бұрын мұндай көрсеткіштерге қол жеткізу мүмкін емес еді және кәсіпорындарға үлкен қаржылық шығын әкелетін.

Зауытта станоктар, роботтар және инженерлер тығыз байланыста жұмыс істейтін біртұтас цифрлық экожүйе қалыптастырылған. Дәлірегі, барлық технологиялық және өндірістік кезеңдер бірыңғай логикаға біріктірілген.

"Дөңгелектерді жасау үшін біз өзара байланысты машиналардың бүкіл желісін қолданамыз. Аралау кешені бірдей көлемдегі және бірдей салмақтағы болат дайындамаларды кеседі. Дөңгелекті илектеу құрылғысы мен пресс ыстық деформацияны қамтамасыз етеді. Кейін дөңгелектер арнайы жабдықта суарылып, қажетті беріктік қасиеттеріне ие болады. Салмағы жүздеген килограмм, температурасы 1200 градусқа дейін жететін дөңгелектерді қолмен тасымалдау мүмкін емес. Сондықтан цехтар арасындағы қозғалысты әртүрлі манипуляторлар, арбалар және тасымалдау жүйелері жүзеге асырады», – дейді Railways Systems KZ холдингінің басқарма төрағасы Сергей Павлингер.

Екібастұзда роботтандырылған кешендерді басқаруды және цифрлық бақылау жүйелерімен жұмыс істеуді меңгертетін оқу орталығы бар.

Қазақстанның технологиялық эволюциясының нәтижелері де әлемдік деңгейге шығады. Railways Systems KZ компаниясы Deutsche Bahn стандарттарына сәйкес қатты илектелген дөңгелектерді сертификаттаудан өткізуде. Бұл үдеріс нақты пайдалану жағдайларындағы сынақтарды қамтиды.

Қазақстан үшін бұл, әсіресе, Мемлекет басшысының тапсырмалары тұрғысынан маңызды кезеңге айналып отыр. Өйткені Президент өз сөзінде өндірістің жоғары деңгейде өңделген өнімдерін шығару және оларды экспорттау шикізатты жай ғана экспорттаудан гөрі коммерциялық тұрғыдан тиімдірек болатынын атап көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, 2026 жылдың ақпан айында Railways Systems KZ холдингінің кәсіпорындары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі түзген Қазақстандық тауар өндірушілердің тізіліміне ендірілді. Олар: "Проммашкомплект" ЖШС (тұтас илектелген дөңгелектер өндірісі), RWS Wagon, (бұрынғы "ЗИКСТО" ЖШС) (жылжымалы құрам), ЖШС "ПРОММАШ.KZ" (бағыттамалы бұрмалар), "R. W. S. BINDING" ЖШС (рельсті бекіту элементтері), "R. W.S. Concrete" (керілген темірбетонды шпалдар).

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады