ҚТЖ теңіз флотын құруда: алты кеме жасауға келісімшарттар жасалды

Жаңалықтар
04.05.2026, 08:15

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) одан әрі дамыту үшін теңіз флотын құруға кірісті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

KTZ Express-тың еншілес «KTZ Express Shipping» ЖШС компаниясы Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. компаниясымен және Баку кеме жасау зауытымен алты әмбебап жүк-контейнер тасымалдау кемесін салу туралы келісімшарттарға қол қойды.

Jiangsu Haizhongzhou Shipping Industry Co., Ltd. төрт кеме жасаса, Баку кеме жасау зауыты тағы екі кемені жасайды.

Жобаны іске асыру Қазақстанның ТХКБ-дағы ұстанымын нығайтуға және маршруттың тұрақты теңіз құрамдас бөлігін қалыптастыруға бағытталған.

Жоба Каспий және Қара теңіз бағыттарында жұмыс істеуге бейімделген, жүк көтергіштігі 9 900 тоннаға дейін және сыйымдылығы 537 ЖФБ-ға дейінгі «өзен-теңіз» класты кемелерді салуды көздейді. Бұл теңіз сегментінің ТХКБ бірыңғай логистикалық тізбегіне тиімді интеграциялануын қамтамасыз етеді.

Кемелер халықаралық талаптар мен экологиялық стандарттарға, соның ішінде IMO және MARPOL нормаларына сәйкес заманауи басқару және навигация жүйелерімен жабдықталады. Классификациялық сүйемелдеуді Bureau Veritas қамтамасыз етеді.

Бұл кемелердің қауіпсіздігі, сенімділігі және экологиялық тазалығының жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, оларды халықаралық маршруттарда тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаһандық жүк жөнелтушілер тарапынан сенімді арттырады.

Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд
Жаңалықтар
10.08.2026
ҚТЖ жүк тасымалында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыруды талқылады