«Талдау мектебі» қатысушыларымен кездесті

Жаңалықтар
05.05.2026, 09:12
Сурет: Көлік министрлігі
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Инновациялық орталығында Көлік министрлігінің басшылығы Парламент Сенатының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Талдау мектебі – Школа аналитики» жобасының қатысушыларымен кездесті.

Іс-шара Президент Әкімшілігі және Парламент Сенатының бірлескен білім беру курсы аясында «Қазақстан: Орталық Азияның транзиттік хабы» тақырыбына арналды.  

Ашық әрі еркін форматта ұйымдастырылған кездесуде көлік-логистика саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жан-жақты талқыланды. Ведомство басшысы саланың стратегиялық бағыттары, негізгі басымдықтар мен транзиттік әлеуетті арттыру аясында қабылданып жатқан шаралар туралы халықаралық тәжірибелер мен нақты кейстер негізінде кеңінен баяндады.  

Қатысушылар жаһандық өзгерістер жағдайында көлік жүйесінің бейімделуі, цифрлық шешімдердің енгізілуі және Қазақстанның Еуразиялық хаб ретіндегі рөлін күшейту мәселелеріне ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар өз зерттеулерінің көлік саласына ықпалы жөнінде пікірмен алмасып, әлемдік және ұлттық деңгейдегі үрдістердің салаға әсеріне қатысты көзқарастарын білдірді.  

Кездесу қорытындысы бойынша іс-шараға қатысушылар атқарылып жатқан шаралар нәтижелі боларына және көлік саласы еліміздің болашағы үшін тұрақты кіріс көзіне айналарына сенім білдірді.  

«Талдау мектебі – Школа аналитики» курсы түрлі саладағы жас мамандарға арналған. Бағдарлама аясында қатысушылар көлік-логистика жүйесінің негіздерін, инфрақұрылымдық шешімдер қабылдау қағидаттарын және жүк ағындарын басқару тетіктерін меңгеріп, Қазақстанның стратегиялық транзиттік хаб ретіндегі орнын терең түсінуге мүмкіндік алады.

 

Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда