«Теміржол жөндеу» ЖШС жол машиналары паркін жаңғырту және заманауи теміржол техникасын енгізу жұмыстарын жалғастыруда.
Өндірістік базаны жаңарту аясында Қытайдан жол жұмыстарына арналған жоғары өнімді жол машиналары мен Дуоматтар сатып алынды. Аталған кешен – теміржол құрылысы, жөндеу және ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарына арналған үздіксіз циклді түзету-тығыздау-ажарлау машинасы қызметтерін атқарады.
Бұл техника теміржол жолын автоматты түрде түзетіп, шпал астындағы балластты тығыздауды қамтамасыз етеді. Жаңа кешен өндірістік жұмыстарды орындау үшін «Теміржол жөндеу» ЖШСнің Молдовадағы филиалына жіберілді.