Қазақстанның көлік саласына инвестициялар

Жаңалықтар
22.06.2026, 22:05

Брюссельде Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ұйымдастыруымен «Қазақстан және ЕО байланысын нығайту: Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) перспективалары мен стратегиялық әлеуеті» атты халықаралық бизнес-конференция өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара 2026 жылы мемлекеттік органдардың, халықаралық қаржы институттарының және Еуропаның жетекші көлік-логистикалық компанияларының 100 астам өкілдерін біріктіре отырып, Орта дәлізді дамыту перспективаларын талқылауға арналған ірі халықаралық алаңдардың біріне айналды.

Форумның практикалық нәтижесі Еуропа мен Азия арасындағы көлік байланысын нығайтуға және Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі дамытуға бағытталған жалпы сомасы 462 млн АҚШ долларын құрайтын төрт уағдаластыққа қол жеткізу болды.

Атап айтқанда, SITA мен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі арасында биометриялық сәйкестендіруді қоса алғанда, мемлекеттік әуежайларды кешенді цифрландыру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ «Қазавтожол» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ арасында «Ақтөбе – Ұлғайсын» жобасы бойынша қарыз туралы келісімге қол қойылды.

ҚТЖ-ның еншілес компаниясы – KTZ Express Румынияның Мидия портында бірлескен жобаны іске асыру туралы Midia Marine Terminal компаниясымен келісімге қол қойды. Жоба Қара теңіздегі маршруттың инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін кеңейтуге және жүктерді өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, KTZ Express және A. P. Moller – Maersk ТХКБ бойынша контейнерлік тасымалдарды дамыту және маршрутқа қосымша жүк ағындарын тарту туралы уағдаластықтарға қол жеткізді.

Іс – шараға Еуропалық комиссияның, Еуропалық парламенттің, Еуропалық қайта құру және даму банкінің, Еуропалық инвестициялық банктің өкілдері, сондай-ақ DHL Global Forwarding, HHLA International, RHENUS, Hellmann Worldwide Logistics, Ahlers Logistics и A.P. Moller – Maersk жетекші халықаралық компанияларының басшылары қатысты.

Конференцияда сөз сөйлеген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қазақстанның көлік инфрақұрылымын және халықаралық терминалдық желіні одан әрі дамыту жөніндегі жоспарларын ұсынды, олардың Орта дәліз бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту үшін маңыздылығын атап өтті.

Іс-шара Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Еуропалық кеңес президенті Антонио Коштаның шақыруымен Брюссельге ресми сапары аясында өтуде.

Конференция қорытындысы Қазақстанның трансқұрлықтық логистикадағы көшбасшылығын бекіте отырып, Еуропалық әріптестердің Орта дәлізді дамытуды жеделдетуге дайындығын растады.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды