Жәнібек Тайжанов «Астана-1» вокзалының жаңғырту жұмыстарын тексерді

Жаңалықтар
07.07.2026, 16:00

Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астана-1 теміржол вокзалының құрылыс алаңына барып, нысанды реконструкциялау және жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Бүгінде нысанның дайындық көрсеткіші 41%-ды құрайды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жұмыс сапары барысында мердігер ұйымның, жобалаушының және техникалық қадағалау өкілдерінің құрылыс-монтаж жұмыстарының қазіргі барысы, құрылыс кестесінің сақталуы және жобаны белгіленген мерзімде аяқтау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы есептері тыңдалды.

Нысанның жалпы ауданы 8 409 шаршы метрді құрайды. Қазіргі уақытта ғимарат қаңқасы мен шатырын орнату жұмыстары толық аяқталды. Сонымен қатар ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары, инженерлік желілерді, электрмен жабдықтау, жылыту, желдету, сумен жабдықтау және кәріз жүйелерін монтаждау жалғасуда. Бұдан бөлек, перрон мен конкорстық өткелдің құрылысы, вокзал аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Нысанды аралау қорытындысы бойынша вице-министр мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарын қажетті қарқынмен жүргізуді, жұмыс сапасына бақылауды күшейтуді және реконструкциялау жұмыстарын бекітілген кестеге сәйкес аяқтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Астана-1 теміржол вокзалын реконструкциялау Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде еліміз бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғыртужөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Жұмыстар аяқталғаннан кейін жаңартылған вокзал жолаушылардың барлық санаттары үшін жайлылық, қауіпсіздік және қолжетімділікке қойылатын заманауи талаптарға толық сәйкес болады.

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды