Магистральдық желі дирекциясының басшылары Арқалықта жұмыс сапарымен болды

Жаңалықтар
16.07.2026, 17:37

Жұмыс сапары барысында инфрақұрылым жөніндегі Басқарушы директор - "ҚТЖ "ҰК" АҚ  "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының директоры Сәкен Рахметов теміржол инфрақұрылымы объектілерінің жағдайымен және Арқалық теміржол вокзалындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Сапар аясында құрылымдық бөлімшелер басшыларының қатысуымен қорытынды кеңес өтті, онда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, инфрақұрылымды күтіп ұстау, объектілерді алдағы пайдалану кезеңдеріне дайындау, сондай-ақ өндірістік жоспарлар мен ағымдағы міндеттерді орындау мәселелері қаралды.

1972 жылы салынған Арқалық теміржол вокзалы қайта жөндеуден өтуде. Жөндеу нәтижесінде ғимараттың ауданы 1 772-ден 2 400 шаршы метрге дейін ұлғаяды. Вокзал жұмыс көлемі бойынша II сыныпқа жатады, бір жолаушылар платформасымен жабдықталған. 2025 жылдың қорытындысы бойынша жіберілген жолаушылардың орташа тәуліктік саны 410 адамды, есептік орташа тәуліктік жолаушылар ағыны — 799 адамды құрады. Арқалық станциясы арқылы сегіз пойыз жүреді, оның ішінде Астана, Қостанай және Шұбаркөл қалаларымен теміржол қатынасын қамтамасыз ететін төрт қала маңындағы қатынас бар.

Нысанды аралау барысында орындалған жұмыстардың сапасына, оның ішінде инженерлік және технологиялық жабдықтарды қосуға ерекше назар аударылды. Жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде бақылауды күшейту, анықталған ескертулерді уақтылы жоюды қамтамасыз ету және барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды. Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп вокзал маңы аумағын кешенді дамыту қажеттілігіне, сондай-ақ тұрғындар үшін теміржол қатынасының қолжетімділігі мен ыңғайлылығын арттыруды қоса алғанда, өңірдің көлік инфрақұрылымын одан әрі дамыту мәселелерін пысықтауға баса назар аударылды.

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты