Қазақстанда теміржол жүк тасымалына арналған транзиттік декларацияларды автоматты түрде шығару бойынша пилоттық жоба ауқымы кеңейтілді. Бұл жаңашылдық шекарадағы кедендік рәсімдерден өту уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Автоматтандырудың арқасында қазір бір контейнерлік пойызды рәсімдеу бұрынғы үш сағаттың орнына шамамен 30 минутты алады. Осылайша, рәсімдеу уақыты алты есеге қысқарды.

2026 жылдың алғашқы жеті айында Қазақстанда 92 мыңнан астам транзиттік декларация рәсімделген.