Қоғамдық тәртіп – баршаға ортақ

Жаңалықтар
28.08.2026, 09:16
Сурет: Көліктегі полиция
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көпшілік орындарда жалпыға ортақ қабылданған моральдық-этикалық нормаларды ұстану – баршаға ортақ міндет. Десек те, соңғы кезде қоғамдық орындарда тәртіп бұзып, соның ішінде ішімдік ішіп алып, көпшіліктің шырқын бұзатындар көбейген.

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері жолаушылар пойыздарынан түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 350 жолаушыны түсірді. Оның ішінде 265 адам алкогольді ішімдік ішіп, қоғамдық орындарға мас күйінде келіп, айналасына қолайсыздық туғызғаны үшін, ал 85 адам ұсақ бұзақылық және басқа да құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.  

Бұл туралы көліктегі ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Марат Дубаев мәлімдеді. Кезекті оқиға Алматы – Қостанай бағытындағы жолаушылар пойызында болған. Пойыз бастығының актісі негізінде Отар станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесінің қызметкерлері пойыздан екі жолаушыны түсірді.  

– Тексеру барысында Алматы облысының 60 және 36 жастағы тұрғындарының алкогольді ішімдік салдарынан қоғамдық жерде адамның қадір-қасиеті мен қоғамдық моральға нұқсан келтіретін жағдай туындатып, балағат сөздер айтып, тәртіпті бұзумен қатар өзге жолаушыларға қолайсыздық туғызғаны анықталды. Құқық бұзушылар полиция бөлімшесіне жеткізіліп, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Марат Дубаев.  

Көліктегі полиция департаменті өкілдері жолаушылар пойызы қоғамдық орын екенін және әрбір азамат белгіленген мінез-құлық қағидаларын сақтауға міндетті екенін еске салады.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті