ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы электр энергиясын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге бекітілген тарифтің өзгергені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Өзгерістер «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 1-тармақшасына сәйкес электр энергиясын беру саласындағы табиғи монополия субъектілері үшін стратегиялық тауар ретінде электр энергиясының құнының өзгеруіне байланысты іске асып отыр.
Электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерге тариф деңгейі мен тарифтік сметасын өзгерту Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының 2026 жылғы 10 қыркүйектегі №117 - ОД бұйрығымен бекітілді және 2026 жылғы 15 қыркүйекте қолданысқа енгізілді.