Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында ҚТЖ «Қауіпсіз өткел» профилактикалық акциясын аяқтады. 1 маусым мен 10 қыркүйек аралығында теміржолшылар 127 теміржол өткелінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Акцияның басты мақсаты – жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін арттыру және теміржол өткелдерін кесіп өту кезінде ережелерді бұзудың алдын алу.
Іс-шаралар барысында 18 мыңнан астам жүргізуші өткелдерді қауіпсіз кесіп өту ережелері, қауіпсіздік талаптары және оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы түсініктеме алды.
Акция Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Семей, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында өтті. Алматы өңірінің теміржолшылары ең көп қамтуды көрсетті – өткелде 23 профилактикалық жұмыс өткізілді.
Теміржолшылар сонымен қатар жүргізушілерге жылдамдықты алдын-ала төмендетуді, бағдаршам сигналдарын мұқият қадағалап, жолдарды кесіп өтпес бұрын келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізуді ескертті.