ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ

Жаңалықтар
17.09.2026, 11:15
Сурет: State of the Union 2026

Еуропалық одақ Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды Еуропа нарығымен тікелей байланыстыратын Орта дәлізді дамытуға €12 млрд-қа дейін мемлекеттік және жеке инвестиция тартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz сайты Exclusive.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа халықаралық жоба туралы Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен 16 қыркүйекте Страсбургте Еуропарламентте Еуропалық одақтың жағдайы туралы жыл сайынғы жолдауында мәлімдеді.

«Бүгін мен көлік байланысын дамытуға бағытталған жаңа халықаралық жоба туралы жариялай аламын. Ол Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азияны Еуропа нарығымен тікелей байланыстырады. Біз оны Орта дәліз деп атаймыз», – деді фон дер Ляйен.

Оның айтуынша, инвестицияларды Еуропаның Global Gateway бастамасы аясында тарту жоспарланып отыр. Мемлекеттік және жеке қаржыландырудың жалпы көлемі €12 млрд-қа дейін жетуі мүмкін.

Жобаның мақсаты – көлік бағыттарын әртараптандыру, 2030 жылға қарай сауда ағындарын үш есеге арттыру және жүк тасымалдау мерзімін айтарлықтай қысқарту.

Жобаны жүзеге асыру үшін Еуропалық комиссия Болгария премьер-министрімен бірлесіп, көлік байланысын дамыту мәселелері бойынша өңірлік саммит өткізуді де жоспарлап отыр.

Орта дәліз немесе Транскаспий көлік дәлізі Орталық Азия, Каспий теңізі, Оңтүстік Кавказ арқылы өтіп, одан әрі Еуропаға жалғасады. Қазақстан – осы бағыттың негізгі қатысушыларының бірі.

Бұған дейін Еуропалық комиссия Транскаспий көлік дәлізін дамыту Еуропа мен Азия арасында жүктерді 15 күнге дейінгі мерзімде жеткізуге мүмкіндік беретін заманауи бағыт қалыптастыруы тиіс екенін мәлімдеген.

Global Gateway аясында теміржолдар мен автомобиль жолдарына, порттар мен логистикалық орталықтарға ғана емес, сондай-ақ цифрландыруға, сауда рәсімдерін жеңілдетуге және көлік жүйелерінің өзара үйлесімділігін қамтамасыз етуге инвестиция салу көзделіп отыр.

Еуропалық комиссия бұл бағытты дамытуды Еуропаның Азиямен көлік байланыстарын әртараптандырудың бір жолы ретінде қарастырады.

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі