Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де жедел штаб құрылды және 15 негізгі бағытты қамтитын іс-шаралар жоспары бекітілді. Негізгі мақсат – төмен температура мен тұрақсыз ауа-райы жағдайында тасымалдау процесінің қауіпсіздігін және компанияның сенімді жұмысын қамтамасыз ету, деп хабарлайды Rail-news.kz.
Қысқа 608 қызметтік және өндірістік нысандарды дайындау қажет. Бүгінгі таңда 374 нысанда жұмыстар аяқталды, 234 нысанда дайындау жалғасуда. Ағымдағы жөндеуге жоспарланған 22 ғимараттың 15-і толығымен дайын. Сондай-ақ, жылу жүйесіне қызмет көрсету жалғасуда: жұмыстар 78 қазандықта қарастырылған, 42 нысанда аяқталды. Техникалық көмірді жеткізу қатаң бекітілген кесте бойынша жүзеге асырылуда.
Қызметкерлер қысқы арнайы киіммен және аяқ киіммен қамтамасыз етілуде. Жеткізу жоспары орындалады: жылы киімнің негізгі көлемі 15 қазанға дейін, ал арнайы аяқ киім қазан айынан бастап жеткізіледі.
Кадрларды оқытуға ерекше көңіл бөлінеді: қысқы жағдайда жұмысқа дайындықтан 1462 «алғашқықыстықтар» өтеді. Жаңа қызметкерлер тәжірибелі тәлімгерлерге бекітілген.
Қыста пайдалануға 1 661 локомотив дайындау жоспарлануда. Тартқыш жылжымалы құрамды қысқы жұмыс режиміне ауыстыру 10 қыркүйек пен 30 қазан аралығында жүргізіледі. Барлық жұмыстардың барысы штабтың тұрақты бақылауында.