Жолсеріктердің жаңа қонысы
Қаладан тысқары орналасқан, аумағы 6, 14 гектарды құрайтын аумақта орын тепкен жолаушылардың жаңа ғимараты алыстан көз тартады. Үш қабатты заманауи ғимаратта жұмысшы-қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған, киініп- шешінетін, жуынатын және ас ішетін бөлмелер, өзге де тұрмыстық қажеттіліктерге арналған бөлмелер жетерлік, конференц-зал да бар, барлығыбейнебақылау камераларымен, ауа баптағыш және өрт сөндіру құрылғыларымен жабдықталған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ - «Батыс» филиалы Атырау телімінің бастығы Әлмұхан Есқалиевтің мәліметінше, Атырау теліміне қарасты 563 адам еңбек етеді, олардың 434-ін жолсеріктер құрайды. Қалғандары билет кассасының қызметкерлері, сатылған билетті есепке алатын бөлім және билет кассасы аппараттарына жауапты механиктер, тағысын тағылар. Олардың жұмыс орны Атырау темір жол вокзалында.
–Жаңа ғимаратқа көшкелі жолсеріктеріміздің жаны кіріп қалды,сапардан келген-кеткен сайын олар туған уйлерінде жүргендей сезінеді. Өйткені, мұнда барлық қолайлы жағдай жасалған. Тіпті сапар алдында бір-екі сағат демалып алуға да болады.Бізде қызмет ететін жолсеріктердің көбісі Қазақстанның әр жерінен, тіпті кейбірі қатынап істейді. Сондықтан біз олардың жұмыс орнының жайлы болғанын қалар едік,- дейді телім бастығы.
Сапарға аттанар алдында жолсеріктердің денсаулығын, қан қысымын тексеретін дәрігерлік пунктте ақ халаттылар кезекпен жұмыс істейді. Жолсеріктер сапарға шығар алдында олар нұсқаушы-инструктордың нұсқаулығын алады. Соңғы болып жатқан жағдайларға байланысты, егер пойыз үстінде күдікті жолаушы болса, дереу құзырлы орындарға хабарлап отыруы тиіс екендігі айтылуда.
Мекемеде жолсеріктердің біліктілігін арттыру да жүйелі жолға қойылған. Аттестациялау кезінде олардың білімі мен білігі сынға түсіп, сынақтан сүрінбей өтіп, жоғары нәтиже көрсеткендерге жалақыларына үстеме ақша қосылады. Мәселен, бірінші деңгейге өткен жағдайда жолсеріктің жалақысына 11 мың теңге, екінші деңгейге өткенде 35 мың теңге қосылады. Алайда, егер жолсерік жұмысы барысында сөгіс алатын болса, оның деңгейі автоматты түрде бірінші деңгейге түсіп қалатын көрінеді.
—Екі жылдың көлемінде билет құны өзгерген жоқ, тек былтыр ғана 10-ақ пайызға көтерілген болатын. Тарифті көтерудің де өзіндік себептері бар екені анық, себебі, өздеріңіз білесіздер, қажетті материалдар, қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай, жолаушылар вагондарын ұстау және пайдалану қызметі бағалары қарқынды өсіп отыр. Оған вагондарды жөндеу, құрамдарды жаңарту секілді жұмыстарды қосыңыз.Жалпы, жолаушылар тасымалын жақсарту, мейлінше аз шығын жұмсау, технологиялық процестерді оңтайландыру үшін кешенді шаралар қабылдап жатырмыз. Біздің мақсатымыз – тасымалға деген сұранысты қанағаттандыру, жолаушыға сапалы қызмет көрсету, вагон паркін тиімді пайдалану,- деді телім бастығы тариф, билет бағасыжайлы сауалымызға орай.
Бүгінде жолаушылар касса алдында сарсылып кезек күтіп тұрмай-ақ, өзіне-өзі қызмет көрсетудің транзакциялық терминалдары арқылы немесе интернет желісі арқылы билет сатып ала беретіні жолаушы тасымалының, кассалар жұмысын әлдеқайда жеңілдеткен. Сервистік қызметтің де түр-түрі көбейген.
–«ҚТЖ» ҰК» АҚ тапсырмасына сәйкес, жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді дамыту мақсатында пойыздарды тағам өнімдерімен қамтамасыз ету үшін арнайы мекемелермен келісім-шартқа отырдық. Жол бойына ол мекемелер ұшақта көрсетілетін қызметтер ұсынып,ыстық тағамдар, сусындар мен тәттілер,тағы бірі әр түрлі сувенирлерді пойыз жолаушыларына ұсыну мүмкіндігіне ие. Жолсерікке де одан түсетін пайда бар, себебі сатылған өнімнің 15 пайызы жолсеріктің пайдасына есептеледі. Олардың барлығының да сертификаттары бар,- деді Әлмұхан Есқалиев сервистік қызметке қатысты соңғы жаңалықтарды түсіндіріп.
Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,
Атырау
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды