Жол машиналары жұмыс маусымында

Жаңалықтар
01.08.2016, 10:48
Оқуға 2 мин
Өз алдына отау көтергеніне он жыл толған Шу машиналандырылған жол дистанциясында бүгінде жұмыс қызу. Жол жөндеу жұмысы жанданатын жаз маусымы, оған қоса  дистанцияның ауқымы да, техникасы мен жұмыс күші де кеңейіп отыр. Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясының  Қарағанды жақтағы сұрыптау телімі әкімшілік ғимараты және  ангарларымен  Шу машиналандырылған жол дистанциясына қосылып, кәсіпорынның ауқымы кеңею нәтижесінде бүгінде дистанция ауқымы да ұлғайып, жұмысшылар саны да артып, 525 адам еңбек етуде. Кәсіпорында 20 ресейлік, 19 австриялық, 18 француздық техникалар бар. Техникалардың ағымдағы жөндеу қыс айларында кәсіпорынның өзінде жүргізіледі. Көкшетаудағы  «Рауан» ЖШС бірқатар техникаларды күрделі жөндеуден өткізген.  Ал вагондары  деполық жөндеу жұмыстарына кіріп, шығып жатыр. –Жартыжылдықты дистанция жақсы қорытындымен аяқтап отыр. Атап айтар болсақ, жолдың шағалтасын тазалаушы РМ техникасы жылдық жоспар 202 шақырымының бүгінде 88 шақырымын орындап отыр. ДУАМАТ кешендік техникасының жылдық жоспары 3570 шақырым болса, бұл техникалар бүгінге 1604 шақырымды еңсерді. ДГС техникасының жылдық жоспары 3600 шақырым болса, 1495 шақырымда жұмысты аяқтап отыр. ПБР машинасының жылдық жоспары 4200 шақырым, 2196 шақырымда жұмысты аяқтап отыр. УНИМАТ  техникасының жылдық жоспары 200 бұрмалар мен 240 шақырым жол жұмыстарын жүргізу керек болса, бүгінге бұл техникалар 417 бұрма мен 99 шақырымды аяқтап отыр. Қалған техникалар жоспары болмаса да өздеріне бекітілген межелерді орындап отыр, - деп ақпар берді Шу машиналандырпылған жол дистанциясының Бас инженері Бақытжан Шадыбеков.             Кәсіпорында «ЖЕЙСМАР» француздық техникасының  үш кешені бар екен. Бүгінде үшеуі де жұмыс жасап жатыр. Қырқыншы машиналандырылған жол дистанциясынан келген СМД техникасы Астана жол дистанциясында  жұмысқа жегілген.  Сондай-ақ дистанцияның басқа техникалары да  Екібастұз,  Алматы, Ағадыр, Қарағанды, Жаңа Семей, Бейнеу және Шу ірілендірілген жол дистанцияларында жұмыс істеп жатыр екен. –Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ағымдағы жылы ешқандай ақау орын алған жоқ. Еңбекті қорғауда да жақсы көрсеткіш көрсетіп отырмыз. Көктемгі комиссиялық байқауда да ескертулер аз болды. Ал берілген ескертулер тез арада орнына келтірілді, - дейді бас инженер.

Ерман Әбдиев, Шу

Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды