Төрт балға бағаланды

Жаңалықтар
13.11.2018, 07:40

Маңғыстау локомотив пайдалану депосы бойынша локомотивтердің техникалық жағдайын қыстық режимге өткізу жұмыстары 10 қырқүйектен бастап 31 қазанға дейін жалғасқан күзгі комиссиялық байқау (ККБ) кезінде жасалды. Нәтижесінде ККБ шыққан локомотивтерге биылғы қойылған орташа баға 4 балды құрады. Өткен жылы да сол баға болған еді.   

      Еске сала кетсек, күзгі байқауға «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Маңғыстау бөлімшесі директоры Нәжімеден Ғұбашовтың 18.09.2018 жылғы №65 бұйрығымен комиссия мүшелері тағайындалып, жасалынатын жұмыстар бойынша жиналыс өткізілген болатын. Соған сәйкес, ККБ-ға барлығы 44 локомотивті қою жоспарланған еді. Оның ішінде 32 локомотив 2ТЭ10МК сериялы, 12 локомотив ТЭМ сериялы. Локомотив бригадаларының күшімен 44 локомотивтің де машинист кабиналарының жылыту жұмыстары жүргізілілген. Жылытқыш қондырғыларының жұмысқа жарамдылығы тексерілген. СуперСкид сериялы локомотивтердің жылы ауаны дизель бөлігінен алу үшін сырттан ауа сорғыш бөліктері жабылған. 12 дана ДуалСкид сериялы локомотивтердің қызыл және сары түстері қайтадан сырланып, жаңартылған. Осылайша, локомотивтер аязды маусымға сақадай сай етіп қойылған. Бұл жөнінде депоның жетекші инженер технологы Саясат Қылышбаев ақпарат берді.

    − Маңғыстау станциясында МК сериялы тепловоздарға сервистік қызмет көрсететін орталықтың болмауына байланысты Маңғыстау паркіне тиесілі тепловоздар Мақат, Шалқар сервис орталықтары мен Қазалы локомотив жөндеу зауытында, Сексеуіл сервис мекемелерінен жоспарлы жөндеу және ККБ-дан өткізілді. Ал маневрлы ТЭМ сериялы тепловоздар болса, «Ғасыр-Маңғыстау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен жоспарлы жөндеу мен күзгі бақылаудан өтті. Жалпы бүгінде Маңғыстау депосында барлығы 57 тепловоз бар. Соның ішінде күрделі сервистік қызмет көрсету 4,5,6,7 жөндеулеріне және техникалық қызмет көрсету 7,8 жөндеулеріне ағытылуына орай 13-і тізімнен алынып қалды. Олар байқаудан автоматты түрде өтеді, – дейді Саясат Қылышбаев.

        Оның сөзінше, биыл локомотив пайдалану депосында материалдық-техникалық жағдай бұрынғымен салыстырғанда 20-30 пайызға жақсарған. Маңғыстау депосы, Бейнеу айналым депосы бойынша екінші техникалық қызмет көрсету пунктіндегі жұмысшылардың құрал-саймандары жаңартылған. Депо аймағын көгалдандыруға да баса назар аударылып, 30 түп ағаш отырғызылған. Маңғыстау, Бейнеу, Сайөтес, Жаңаөзен бойынша локомотив бригадаларының демалыс үйлеріне 5 кір жуғыш машинасы, 8 ауа салқындатқыш, 3 мұздатқыш алынған.

Шахида ЖҰМАН, Маңғыстау


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?