Маңғыстаудың жас теміржолшылары "Жайдарман" ойындарында екінші орынды иеленді

Жаңалықтар
22.11.2018, 14:15

Маңғыстау облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жайдарман» сайысының облыстық ашық чемпионатының жоғарғы лигасына қатысқан «Маңғыстау.кз» тобы екінші орынды еншіледі.  

Бұл – түбектегі теміржолшылар командасының аймақтық жарыстың финалына алғаш шығуы. Сондықтан, бірінші орын бұйырмаса да теміржолшы жігіттердің салы суға кеткен жоқ. Бас бәйге қолдан шығып кеткенмен есесіне республикалық сайыстың жолдамасы теміржолшылар тобының қанжығасына түсті.  

 − Біз бастапқы екі көріністе де ұпай жағынан бәрінен алда келе жатқан едік. «Бір әуен аясында» шартында аздау балл жинап қалдық. Сол тағдыр шешуші «шайқас» болды. Дегенмен, ойынның аты − ойын. Бірінші жыл болғандықтан екінші орынның өзі жетістік. Енді желтоқсан айындағы «ҚТЖ» форумына дайындаламыз. Бұйырса, әлі талай белестерді бағындырамыз, – дейді аймақтағы теміржол жастарының өкілі, «Маңғыстау.кз» командасы жетекшісі Қуатбек Көпбаев.

Финалда жалпы төрт команда төрт шарт бойынша сынға түсті. Қатысушылар «Сәлемдесу», «Фото ширату», «Бір әуен аясында», «Үй тапсырмасы» тапсырмаларын орындап, қосымша қызықты сұрақтарға жауап берді. Бірінші орынды аймақтағы жоғарғы лигада қатарынан үшінші жыл ойнап жүрген бейнеулік «Сіздер үшін» тобы иемденді. Десе де, қазылар алқасының шешімі Астанада өтетін республикалық «Жеңімпаздардың жеңімпазы» байқауына теміржолшылар командасы да қатыспақ. Ендеше, жігіттерге сәттілік!

Шахида Жұман, Маңғыстау 


Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады