ҚТЖ болашағы – Компания жастарының қолында

Жаңалықтар
10.12.2018, 16:51

2018 жылдың 7 желтоқсанында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ ІХ Республикалық жастар форумы аяқталды, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі. 

Форум қатысушылары алдында сөйлеген сөзінде Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әбденов Компания жүргізіп келе жатқан жастар саясатын жүзеге асыру үшін жыл сайынғы дәстүрлі іс-шара өткізудің маңызына тоқталды. 

С.Абденов жас қызметкерлердің еліміздің транзиттік әлеуетін жүзеге асыру, жаһандық көліктік желіге интеграциялану, Қазақстанның көліктік-логистикалық кешенің дамыту саласында мемлекеттік бағдарламаларды орындау бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ алдында тұрған міндеттерді шешудегі рөлін атап кетті. 

Қазіргі таңда Компанияда 52 мың жас қызметкер жұмыс істесе, бұл Компания еңбек ұжымының 39% құрайды. Жастар саясатын сәтті жүзеге асыру көліктік сала үшін білікті мамандарды даярлаудың жоғарғы деңгейінен көрініс табуда. 

Сондай-ақ құрылтай қатысушылары алдында тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров те сөз алды. Кәсіби маңсаптарында ары қарай да жетістіктерге жету тілегін білдірген Т.Әубәкіров талантты да білімді қызметкерлердің көліктік-логистика саласын сәтті дамытуға қосар үлесін атап көрсетті. 

Форумда «Менеджмент жобасы» және «Болашақ басқарушылар» конкурсының жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді. 

Өңірлер деңгейінде 198 жоба ұсынылса, соның ішінен республикалық деңгейде мақұлданған 45 жоба таңдап алынды. Осы жұмыстардың ішінен үш жоба: «Сигналист» датчигі, «ҚТЖ Smart» және «Түйіспесіз жолдардың жағдайын бақылау үшін бағдарлама» үздіктер қатарынан табылды. 

Жиырма жас маман «Жас кәсіби маман» сыйлығының лауреаттары атанды. Форумда сондай-ақ «Жастар көзқарасы», «Есімізде, мақтанамыз, мұрагеріміз» және «Мерейлі жас теміржол отбасы» жеңімпаздары мараптталды. 

Форум өткізілген кезеңде екі мыңға тарта адам әр түрлі жобаларға қатысты, нәтижесінде 70 жас қызметкердің орыны ауыстырылды. 

ІХ Республикалық жастар форумына барлық өңірлік темір жол бөлімшелерінің 300 тарта жас қызметкері қатысқандығын қаперге саламыз. 

Форум делегаттары панелдік талқылаулар мен сессияларға, тренингтер мен шеберлік-сыныптарына қатысты. 

«Біздер, жастар, өзіміздің ұсыныстарымыз бен идеяларымызбен Компанияға үлкен нәтижелер әкеле аламыз. Жан жақты дамуымыз үшін біздерге серпін берген Форумға қатысқаныма қуаныштымын», - деді Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі маманы Асылхан Ибрагимов. 

«Біздер, жас мамандар үшін темір жолын дамытуға үлес қосуымызға, өзімізді көрсетуге және қабілеттерімізді ашуға тамаша мүмкіндік бар. Қазіргі таңда жаңа технологиялар ендіріліп, көрсетілер қызмет спектрі кеңейіп, басқарудың озық тәсілдері пайдаланылуда. Біздер Компанияның сенімді стратегиялық ресурсы ретінде өз маркамызды ұстап қалуымыз керек», - дейді Алматы станциясы ақпараттық жүйесі бөлімінің жетекші желі инженері Тимур Темірбаев. 

Республикалық форум ҚТЖ жас қызметкерлерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдауға, тәжірибе, білім алмасуы үшін таптырмас алаң болып табылады. 


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?