Техникалық оқу – қауіпсіздік кепілі

Жаңалықтар
26.12.2018, 12:27

Қараша айының 1-і мен 30-ы аралығында Астана станциясында өткен «Техникалық оқуға – ерекше назар» айлығының мақсаты қозғалыс саласы мамандарының білім деңгейі мен біліктілігін арттыру болды.    

Шаралар жоспарын жасап, бекіткен станция басшылығынан шұғыл жұмыстар жөніндегі орынбасар Т.Рахымжановқа және логистика жөніндегі орынбасар Д.Керейбаевқа бейнеролик түсіре отырып, «СЦБ және байланыс құралдарының қалыпты жұмысы бұзылған немесе СЦБ құрылғыларынан ақау табылған стандартты емес жағдайдағы станция қызметкерлерінің әрекеті» және «Қауіпті жүктер бір жерден ағып тұрған жағдайдағы қызметкерлердің әрекеті» деген тақырыптарда практикалық сабақ өткізу жүктелді. Ол үшін басшы құрамға техникалық кабинетте көрнекі құралдар үшін оқытатын немесе ақпараттық стенділер дайындау тапсырылды. Цех басшылары айлық аясында бір жылдан кем еңбек өтілі бар алғашқы қыстаушылармен еңбекте қауіпсіз тәсілдерді қолдану бойынша викторина түріндегі байқау ұйымдастырды. Айлық барысында жұмыс киімі мен аяқ киімінің макеті көрсетілді. Қызметкерлерінің білімін нығайта отырып, теміржолдағы қауіпсіздікті күшейтуге атсалысып отырған ұжымда бұл шараға барлығы 96 адам қатысты. Сабақтар кезіндегі бейнероликтерді кезекшілік аппарат өздері түсіріп, стандартты емес жағдайлар кезіндегі қызметкерлердің әрекетін көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, айлық нәтижелі өтті деуге болады.

Сонымен қатар қауіпсіздікті басты назарда ұстайтын қозғалысшылар желтоқсан айындағы шараларын рейдпен бастады. Бұл әдеттегідей аса қауіпті аймақ саналатын темір жол бойында бөгде адамдардың жүрмеуі, белгіленбеген жерден кесіп өтпеуге қатысты шара болды. Жолды кез келген жерден кесіп өткен 13 адаммен түсініктеме жүргізілді. Оларға темір жолмен өту ережелері жазылған жадынамалар мен брошюралар үлестірілді. Мұндай рейд екінші рет осы айдың 26-да тағы да өткізілмек.

Нұрай СӘРСЕНҒАЛИ


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?