Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде үздік станция басшылары анықталды

Жаңалықтар
14.01.2019, 14:05

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ бойынша 2018 жыл «Станция бастығы» жылы болып жарияланғаны белгілі. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде осы шараға орай станция басшылары арасында байқау жарияланып, нәтижесінде үздіктер анықталды.  

Байқау бойынша станция басшыларының еңбек нәтижелерімен қатар темір жолдағы техникалық пайдалану Ережесін, пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар бойынша Нұсқаулықты, сигнализация бойынша Нұсқаулықты және Компаниядағы өндірістік қауіпсіздік стандарттарын қаншалықты білу деңгейлері ауызша сұрау арқылы тексерілді. Арнайы жасақталған әдістемеге сәйкес станция бастығының кәсіби шеберлігі мен жауапкершілігін көтеруге бағалау жүргізілді.

Бөлімшенің қауіпсіздік жөніндегі инженері Фарида Қазжанованың айтуынша, байқауға бөлімшеге қарасты 10 станция мен 8 разъезд басшылары қатысып, осылардың ішінен «Үздік станция бастығы» атағына лайық жоғары ұпай жинаған үш басшы таңдап алынды. Бірінші орынды Теңдік станциясының бастығы Болатбек Меңдешов, екінші орынды Құлсары станциясының бастығы Қайрат Жақсылықов, ал үшінші орынды Аққыстау станциясының бастығы Гүлнар Көшкенбаева иеленді. Бұл үшеуі де бүгінде толық қуатымен жұмыс жасап келе жатқан станциялар. Теңдік станциясы негізінен Атырау мұнай өңдеу зауытымен, Құлсары станциясы «Теңізшевройл» мұнай компаниясымен, ал Аққыстау станциясы «Жайықмұнайгаз» мұнайгаз өндіру басқармасымен тығыз қарым-қатынаста. Яғни, үшеуі де мұнай өнімдерін тасымалдауда үлкен орыны бар станциялар. Басшылары да жан-жақты ысылған, білікті, тәжірибелі мамандар. Жеңімпаздарға бөлімше атынан Мадақтама қағазы беріліп, байқаудың қорытынды нәтижесі Астанадағы басшылыққа ұсынылды.

Қосұйым Мұқашев, Атырау


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?