2018 жылы темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 29% кеміді

Жаңалықтар
30.01.2019, 11:05

2018 жылы темір жолда қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылық 29% азайып отыр. Бұл жөнінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қауіпсіздік жөніндегі басқарушы директоры – Қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Шакенов 2018 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша маневрлік жұмыстарды және пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қорытындысына арналған брифинг барысында хабарлады. 

«Бұған жылжымалы құрамды тиісті жағдайда ұстап тұру, теміржол желілерін сауықтыру мен жаңарту бойынша кешенді шаралар және Компания құрылымдық бөлімшелерінің мақсатты жұмысы есебінен қол жеткізілді. Бұл ретте қозғалыс қауіпсіздігі жағдайының тиісті көрсеткіштеріне ғана емес, сонымен бірге техникалық пен технологиялық ресурстарына, материалдық, кадрлық сәйкестігіне ерекше назар бөлінген. Осының арқасында қозғалыс қауіпсіздігін ықтимал бұзушылықтар санының айтарлықтай алды алынды», - деп атап көрсетті Марат Шакенов. 

Сонымен бірге, ол қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру жұмысары жалғасын тауып жатқандығын алға тартты. Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру жөніндегі кешенді шаралар жүйесін айқындап беретін құжаттар әзірленуде. Және де қозғалыс қауіпсіздігі жағдайын жедел мониторингілеу мен факторлық саралау жүргізіліп келеді. Адам факторы ықпалын төмендету жөнінде шаралар қабылданған. Процестер автоматтандырылуда. Аталған салада озық әлемдік тәжірибелер қолданылуда. 

Келесі жылы бірлескен іс-шараларды және әр түрлі жобалар арқылы қауіпсіздік бұзушылығына төзімсіздік ауаның құру үшін барлық деңгейдегі басқармалар қызметкерлері тартылады. Бұл орайда «Ең алдымен қауіпсіздік» порталы құрылып, қозғалыс қауіпсіздігін бұзушылыққа нөлдік төзімдік таңыту және қауіпсіздік мәдениетін дамытудың коммуникациялық ашық алаңы болып табылады. 

Бұзушылықтың алдын алу, қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру, темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз ету Ұлттық жолаушылар мен жүктер тасымалдаушысының негізгі міндеттері болып табылады. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?