Экспорт динамикасы артуда

Жаңалықтар
01.02.2019, 15:07

Семейлік теміржолшылар үшін абыройлы міндеттердің бірі – көмір тасымалы. Ел көлемін қатты отынмен қамтуда бірінші кезектегі жауапкершілік жергілікті теміржолшыларға жүктеледі. Сондықтан да, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша көмір тиеу мен жөнелтудің өзіндік жоспары жасалынып, жыл бойы жүзеге асырылады.  

Бұл ретте теміржолшылар қауымы өткен жылды мейлінше табысты қорытындылап, ағымдағы жылға тың міндеттемелер қойып отыр. Өткен жылы семейлік сала мамандары жүк жіберуші «Қаражыра» АҚ-мен тиімді жұмыстар жүргізіп, соның нәтижесінде жоспарлы шаралар толық орындалған еді. Меже бойынша 8 млн тонна шамасындағы көмір теміржол тораптары арқылы республиканың түкпір-түкпіріне жөнелтілді. Нәтижесінде алдыңғы жылмен салыстырғанда облыс көлеміндегі жылу беру мекемелері үшін арнайы тиелген қатты отын көлемі 1226,1 тоннаны құрап, 120,5 пайызға артық орындалыпты. Бұл – алдыңғы жылғы көрсеткіштен 1017,8 тоннаға артық деген сөз.  

– Аймақтағы стратегиялық маңызы жоғары нысандарды көмірмен қамту – алдыңғы кезекте тұратын міндет. Бұл ретте өткен жылғы жылу маусымына даярлық шаралары ойдағыдай деңгейде өтті. Облыс әкімдігі басшылары және «Қаражыра» АҚ басшылығымен тиімді келіссөз жүргізу оң нәтиже берді, – дейді бөлімше басшысы Марлен Көкрекбаев.

Әсіресе, экспортқа жіберілген көмір динамикасының айтарлықтай мөлшерде артқанын аңғаруға болады. Мәселен, өткен жылы шетелге 1325 мың тонна жіберіліп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 138,4 пайызға артып отыр. Бұл – былтыр 367,4 тонна артық жіберілді деген сөз. Жүк көлемінің артуына автомобиль көлігінен теміржолға ауыстырылған қатты отынның ұлғаюы – басты себеп. Мамыр-желтоқсан айларында 53,8 мың тонна жүк қосымша жіберілген. Оның ішінде 35,6 мың тонна көмір экспорттың үлесінде екен. Сыртқы кіріс саласын қадағалаушы мамандардың пікірінше, түсетін табыстың басым бөлігін экспортқа шығарылған тауарлар қатары құрайды.

Марлен Кәрімұлының айтуынша, ағымдағы жылғы жоспар бойынша, семейлік теміржолшылар 12,0 млн тонна жүк жөнелтуді міндеттеп отыр. Оның ішінде көмір мен түсті металдың үлесі басым болмақ. Қазіргі таңда аталмыш бағыттағы жұмыстардың алғышарттары жасалды. Атап айтсақ, жүк айналымын арттыру мақсатында, вагон шаруашылығы мен локомотив паркі бойынша тың шаралар қабылданды. Бірінші кезекте аса ауыр салмақты пойыздар мен ұзын жылжымалы құрамдарды құрастыру мен кедергісіз жүргізуге басымдық берілуде. Осы ретте, Дегелең-Семей телімі бойынша салмағы 6 300 тонналық пойыздардың іркіліссіз жолға шығарылуы міндеттеліп отыр.

Ағымдағы жылғы көмір жөнелтудегі жаңа меже 9 млн тонна. Яғни, жоспар бойынша қосымша тағы да миллион тонна қатты отын тиеліп, тасымалдануы тиіс. Ал, қазіргі күні аймақта көмір тапшылығы мүлде жоқ. Қаладағы теміржол тұйықтарының барлығында қажетті қор бар. Ахуал қалыпты. Қатты отын жеткізу бойынша ешқандай шағым орын алмаған. Қалалықтар қысты қысылмай өткізуде.

Қуаныш Қожаев, Семей  


Аймақтар
26.06.2026
Риддер және Шемонаиха станцияларында теміржол вокзалдары жөндеуден кейін қайта ашылды
Аймақтар
26.06.2026
Жаңаесіл және Саумалкөл теміржол вокзалдары қайта жөндеуден кейін ашылды
Жаңалықтар
26.06.2026
Шу және Есіл деполарының локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде соқтығысудың алдын алды
Жаңалықтар
26.06.2026
«KAZLOGISTICS» бас директоры Шанхайдағы халықаралық форумда елдің көлік әлеуетін таныстырды
Станция тынысы
26.06.2026
Соңғы станцияның жүгі ауыр
Темір жол тарихы
26.06.2026
Теміржолдың жырын жырлап, мұңын мұңдаған қаламгер
Жаңалықтар
26.06.2026
Ляньюньган қаласының делегациясы Ақтау портына барды
Жолаушылар тасымалы
26.06.2026
Төрт Тальго пойызында вагон-мейрамхана қызметі іске қосылды
Аймақтар
26.06.2026
Атырау облысында бес вокзал дайын
Аймақтар
26.06.2026
Күрделі жөндеу – кәсібилер қолында
Цифрландыру
26.06.2026
Сандық жүйенің жемісі
Инфрақұрылым
26.06.2026
Қазақстандық және өзбек теміржолшылары түйіспесіз жолды ұстап тұру тәжірибесімен алмасты
Жаңалықтар / Мұрағат
26.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №49 26 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
25.06.2026
ҚТЖ-да темір жолдағы қауіпсіздікті арттыру шаралары талқыланды
Жаңалықтар
25.06.2026
Бурабай курорты теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Әлемде
25.06.2026
Трансауған магистралінің құрылысы 2027 жылы басталуы мүмкін
Қауіпсіздік
25.06.2026
Кірме жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігінде кілтипан көп
Жаңалықтар
25.06.2026
Астана – Семей - Достық пойызында спутниктік интернет іске қосылды
Жаңалықтар
25.06.2026
Қазақстан мен Түрікменстан транзиттік-логистикалық әлеуетті арттыруға уағдаласты
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады