Күн электр станциясы іске қосылады

Жаңалықтар
05.02.2019, 12:15

Шымкент темір жолының Сарыағаш станциясына таяу Жылға елді мекенінде 42 гектар жерді алып жатқан қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр станциясының құрылысы аяқталуда. Болашақ энергиясы темір жол мен елді мекендерді де жарықпен қамтамасыз етеді деп күтілуде.    

Күн сәулесі – сарқылмас энергия көзі. Күн энергиясының маңызды артықшылықтарының бірі оның қоршаған ортаға қауіпсіздігі және арнайы жеткізу құралдарының қажет еместігі болып табылады. Сондықтан тиімді де пайдалы һәм арзан энергия көзін жыл он екі ай күн сәулесі төгіп тұратын оңтүстікте неге пайдаланбасқа? Бұл істі алғашқылар қатарында теміржолшылар қолға алды.

Жобаны қазақстандық «EcoProTech-Astana» компаниясы германиялық «DERA GmbH» компаниясымен бірлесіп жүзеге асыруда. Тартылған инвестиция көлемі – $35 млн. Күн электр станциясының құрылысы аясында 77 мыңнан астам фотоэлектрлік модульдер, 10 инвертор мен трансформатор, сондай-ақ 10 таратушы құрылғы орнатылуы көзделген. «Жасыл» энергия көздерінен өндірілген электр энергиясы «KEGOC»-қа жеткізіледі. Жобаны жүзеге асыру аясында 20 жұмыс орны ашылады.

Қазіргі уақытта құрылыс алаңында модульдерге арналған металл конструкциялар салынған. Осы ақпан айында күн батареялары мен трансформаторлар блогы орнатылады. Ал электр станциясының іске қосылуы наурыз айына жоспарланған.

Жобаны жүзеге асыруға «Түркістан» ƏКК» АҚ филиалы – «TURKISTAN INVEST» қаржылық көмек көрсетуде. Өз кезегінде Жылға шағын станциясында салынып жатқан күн электр жобасы Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының жүгін жеңілдетіп, жұмысын жақсарта түседі деп болжанып отыр.

Жансая СЫДЫҚБАЙ, Түркістан облысы  


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?