Энергетикалық үнем – пойыз тартымында

Жаңалықтар
19.02.2019, 12:01

Семей ЖТ бөлімшесі теміржолшылары үнем мен табысқа негізделген және экономикалық тиімділігі мол жаңашыл шараларға ден қоюда. Соның ішінде электр энергиясы мен жанар-жағармай шығынын азайту мәселесі биыл да тың қырынан қарастырылуда. 

Бұл ретте бөлімше басшылығы мен аталмыш бағыт бойынша жауапты мамандар тарапынан пойыз тартымына жұмсалатын жанармай шығынын үнемдеу осыған дейін де қолға алынып, оң нәтижелер берген болатын. Мәселен, өткен жылғы көрсеткіш бойынша 120 млн-нан жоғары қаражаттың 529,3 тонна дизельді отыны үнемделініпті. Оған себеп көп, бірінші кезекте тепловоз паркі эксплуатациясын 1,43 бірлікке дейін төмендетіп, вагон айналымын тиімді қолдану оң нәтиже берген. Соның аясында өткен жылы тоннакилометрлік жұмыс 102,8 пайызға артық орындалыпты.

Ал, биыл бұл бағыттағы жұмыстар қаңтар айынан бастап қайтадан қолға алынды. Бөлімшенің өндірістік-техникалық бөлімі мамандарының айтуынша, ол үшін арнайы жоспар әзірленіп бекітілген. Осы орайда, биылғы меже бойынша пойыз тартымына жұмсалатын дизельдік отынды 481,2 тоннаға дейін, яғни, шамамен 110 млн теңгеге дейін үнемдеу жолға қойылып отыр. Ол үшін тиімділік әкелетін іс-шаралар, атап айтсақ, ауыр салмақты, ұзын жылжымалы құрамды пойыздарды құрастыру, тепловоздарды пайдалану паркінің жүк түріндегі қозғалысын азайту, станциялардағы негізгі және айналым уақытын төмендету сынды кешенді жұмыстар легі күтіп тұр.

Бүгінгі таңда осынау көрсеткіштер бойынша бөлімшеде арнайы мамандар іс барысын бастап кетті. Басты мақсат – пойыздар тартымына дизель отынын нақты тұтынуды азайту, үнемдеу арқылы шығынды азайта отырып жылдық қосымша кірісті еселеу негізгі меже саналуда.

Қуан Ертіс, Семей 


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?