NS Радиосы жаңартылған сайтты іске қосты

Жаңалықтар
20.02.2019, 18:33

«NS» Радиосының www.ns.kz сайты көпшілікке түбегейлі жаңа сипатта ұсынылып отыр. Радионың жаңа ұраны – «Біз әуеннен жаралғанбыз».  

Енді тыңдармандар сүйікті толқынына тәулік бойы online режимінде қосыла алады. Ресурс тетіктері ыңғайлы, ал дизайны ерекше және креативті бола түсті. Радионың жаңа плеері арқылы кез келген адам non stop режимінде өз талғамына сәйкес әуенді таңдай алады. Ыңғайлы болуы үшін интернет арқылы хабар тарату жеті онлайн станцияға: original, rock, jazz, lounge, қазақ әуендері, орыс тіліндегі хит әндер және шансон жанрларына бөлінген. 

Аптаның ең үздік әуенін анықтауға мүмкіндік беретін дауыс беру жүйесі де іске қосылды. Нәтижесінде тыңдармандардың көңілінен шыққан 15 әннен музыкалық чарт құрылады. Сайттағы қызықты жаңашылдықтың бірі – «Басуға болмайды!» түймесі. Құрастырушылардың онда не жасырғанын көру үшін – www.ns.kz сайтына кіріңіз.

Бұдан бөлек, сайттан NS Радиосының 25 жылдық тарихын, радио жүргізушілерінің қызықты оқиғаларын, жобалар туралы толық ақпараттарды, сондай-ақ өткен және алдағы уақытта өтетін ұтыстар туралы білуге болады. Мұрағатта студияға келген танымал қонақтар туралы ақпараттар сақталған. Сонымен бірге, сұхбаттарды оқуға және тыңдауға мүмкіндік беретін және эксклюзивті суреттерді көруге болатын жаңа тетіктер пайда болды.

«NS» Радиосы iOS және Android үшін арнайы мобильді қосымшаны іске қосуды жоспарлап отыр. 


«NS» Радиосы «НҰР-Медиа» холдингінің құрамына кіреді және қазақстандық коммерциялық радиостанциялардың ішінде ірі 70 елді-мекенге тарайтын, техникалық қамту аймағы ең үлкен радио. Сонымен қатар, «НҰР-Медиа» холдингі «Астана» телеарнасын, «Orda FM» радиосын, республикалық «Айқын», «Литер», «Түркістан» газеттерін, және «Қазақстан Теміржолшысы» салалық басылымын өз құрамында біріктіріп отыр.




Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?