«ҚТЖ.kz» командасы жүлде алды

Жаңалықтар
21.02.2019, 11:35

 Осы жылы ақпан айының басында Қазақша КВН одағының ұйымдастыруымен өткен Жайдарман ойындарының ХХ маусымашарына теміржолшылар командасы да қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі.  

«Маусымашар-2019» республикалық фестивалінде теміржолшылар атынан өнер көрсеткен «ҚТЖ.kz» командасы құрамында «Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкерлері Бейімбет Ұласбек пен Олжас Ахметов те болды. Команда ойын нәтижесінде «Жақсы өнер көрсеткені үшін» дипломымен марапатталды.   

Команда капитаны Бейімбет Ұласбектің айтуынша, 8 адамнан құралған теміржолшы жайдарманшылар жарыстың бірінші турынан өтіп, екінші турына жолдама алған. Оларға еліміздің танымал сатиригі Көпен Әмірбек пен белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт бастаған ел азаматтары қазылық еткен.  

– Еліміздің барлық өңірлерінен ең мықты деген жайдарманшы теміржолшыларды іріктеп алдық. Оларды көпшілігі – өзіміздің ҚТЖ ішінде өтетін КВН жарыстарда көзге түсіп жүрген жастар. Олардың қатарында Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл, Ақмола облыстарынан жиналған команда құрамы жолсеріктер, пойыз беруші, транзит бойынша агент, машинист көмекшісі, жолшы, бірінші дәрежелі инженер және вокзал кезекшілері бар, – дейді команда капитаны.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген командалар арасында ҚТЖ ойыншылары қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелерді астарлы әзілмен түйреп, халыққа күлдіре отырып жеткізген. Бір аптаға созылған жарыс соңында олар биыл наурыз айында Арулар мерекесі қарсаңында өтетін жарысқа жолдама алған. Бейімбеттің айтуынша, ҚТЖ командасы сол кезде де осы құраммен өнер көрсетпек. Ал компания көлемінде аталған мерекеге орай өтетін салтанатты шарада КВН командасы астаналық теміржолшылардың қатысуымен өнер көрсетпек.

Ұлан ОРАЗ



Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?