Өндіріс – студенттер көзімен

Жаңалықтар
21.02.2019, 16:34

Елбасы Н.Назарбаевтың ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршаға мәлім. Осыған орай, әр өңірде жастар қауымымен семинар-кеңес, дөңгелек үстел, түрлі кездесу, спорттық сайыстар сынды шаралар өткізіліп, олардың сапалы білім алып, салауатты өмір кешуіне баса көңіл бөлінуде.   

Шу темір жол колледжі – небәрі он жылға жуық тарихы бар жас білім ошағы.

2010 жылы білімгерлерге есігін айқара ашқан темір жол колледжінің күндізгі бөлімінде қазіргі кезде – 156, сырттай бөлімінде 55 студент білім алуда. Оның ішінде 75 жас мемлекеттік грант негізінде оқиды. Көпшілігі – теміржол мамандығына оқитын жастар. «Көтергіш көлік, құрылыс жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану», «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету», «Көліктегі тасымалдау мен қозғалысты басқаруды ұйымдастыру», «Электрондық есептеу, техникалық және бағдарламалық қамтамасыздандыру», «Темір жол қозғалысында автоматика, телемеханиканы басқару» мамандықтары бойынша 9-11 сыныптардан кейін білім алатындар техник-механик, техник-электромеханик, техник, техник-бағдарламашы біліктілігіне ие болады. Сондай-ақ, мемлекеттік грант негізінде «Дәнекерлеу ісі», «Электр станциялары мен желілердің электр жабдықтары» мамандықтары бойынша білім алғандар газ-электрмен дәнекерлеуші және электромонтер біліктіліктерін меңгеріп шығады.

Сонымен қатар, жоғары курс студенттері үшін дуальді оқыту қарастырылған. Бұл әдіс бойынша колледж бен өңірдегі темір жол мекемелері арасында жасалған келісімшартқа сай студенттер аптасына бір күн өндіріс орындарында практикалық сабақ өтеді. Яғни, теориялық білімді практикамен ұштастырып, студенттер өндірісті өз көздерімен көріп танысады. Өз кезегінде өндіріс орындары да болашақ кадрлары үшін барлық жағдайды жасауға тырысады. Мысалы, студенттер Шу электрмен жабдықтау дистанциясы, байланыс және белгі беру дистанциясы, «Қамқор локомотив» ЖШС және соңғы жылдары дәнекерлеу ісі бойынша «Хим Плюс» ЖШС сынды мекемелерде іс тәжірибеден өтіп, көп нәрсе үйренгендерін жасырмайды.

– Бүгінгі таңда теміржол мекемелері болсын, басқасы болсын, электромонтер және дәнекерлеуші мамандарына сұраныс артып отыр және түрлі өндіріс орындарында іс тәжірибеден өту кезінде өздерін білім-біліктілігі бойынша жақсы қырынан танытқан студенттер сол мекемелердің сұранысы бойынша оқуды бітірген соң бірден жұмысқа орналасып жатады, – дейді Шу темір жол колледжінің директоры Тойлыбав Нұрлан Сейсембайұлы.

Жалпы, сапалы білім, оны шыңдай түсу теория мен практиканы ұштастыруға негіз болатын материалдық-техникалық базаға да қатысты екені сөзсіз. Мұны жақсы ұғынатын колледж басшысы әр жыл сайын біртіндеп өз қажеттіліктерін қанағаттандыруда. Мысалы, жуырда ғана маркерлік тақта, бұрғы станогы, егеу станогы, электрлік дәнекерлеу, электрлік құрылғылар жиынтығын сатып алып, материалдық қорды мультимедиалық жобалармен толықтырды. Сонымен қатар, колледж меншігіндегі газэлектрмен дәнекерлеу цехы, электромонтерлер цехы және агрегатты цехтың өзіндік жұмысы да студенттердің лайықты білім алуына зор ықпалып тигізіп отыр. Мысалы, автоматика және телемеханика мамандығы бойынша сабақ өтіп жатыр аудиторияда, студенттер темір жол қозғалысын басқару ісі, темір жол бойындағы жол белгілерінің қызметі туралы теориялық білімдерін жетілдіріп, арнайы бағдаршам аппараты тетіктерімен танысуда.Тағы бір аудиторияда студенттер газэлектрмен дәнекерлеу ісінің алғашқы әдістерін үйреніп, өз білімдерін қабырғаға ілінген суреттер арқылы жеткізіп, түсіндіруде.

Динара Батырхаирова  

Суретті түсірген автор


Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?