Семейде футзалдан теміржолшылар біріншілігі өтті

Жаңалықтар
17.04.2019, 14:23

Семей ЖТ бөлімшесі бойынша футзалдан теміржолшылар біріншілігі болып өтті. Шығыстағы сала мамандары ең танымал осынау спорт түрі бойынша мықтыларды анықтау мақсатында екі күн қатарынан ептілік пен шеберлік жағынан сынасты. 

Аталмыш байқауға бөлімшеге қарасты теміржол мекемелерінен 9 команда қатысып, алдын-ала өзара кездесулер өткізген болатын. Қаладағы «Спартак» стадионының арнайы жабдықталған кең залында өткен жарысқа жанкүйерлер қауымы мол жиналды. Әсіресе, сайыстың екінші күні мейлінше тартысты өрбіді. Себебі, бұл күні финалдық ойындар өтіп, топ ішінен суырылып шыққан төрт команда жүлделі орындарды сарапқа салған болатын.

Әдеттегідей, соңғы мәреге бөлімше чемпиондары жетті. Дегенмен, осыған дейін футзалдан ешкімге дес бермей жүрген Семей станциясының футболшылары бұл жолы ашылып ойнай алмады. Желаяқтығымен танылған Алмас Жақсыбаев, Марат Игенбаев сынды сұрмерген шабуылшылар тепкен доптардың көбісі қарсыластар қақпасынан қиыс кетіп жатты. Нәтижесінде аталмыш команда жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты.

Ал, спорттық ойындардан шеттеп жүретін «Транстелеком» Семей филиалының командасы бұл жолы көпшілікті таң қалдырып, бәрін шаң қаптырып, екінші орынды жеңіп алды. Жаңадан жасақталған команда ойыншылары ендігі аралықта мұндай сайыстардан қалмайтындарын жария етті.

Ал, бірінші орынды баскетбол мен волейболдан бөлімше чемпионы атанған Семей байланыс және белгі беру командасы футболшылары иеленді. Жігіттерді қолдауға ШЧ-29 басшысы, өзі де спортшы Бейбіт Түменғали арнайы келіпті. Сондықтан, жігіттерінің жерге қаратпағанына дән риза екенін жасырмай күліп тұрды. Барлық жеңімпаздар кубогпен марапатталып, мақтау қағаздарын иеленді.

Қуаныш ҚОЖАЕВ

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?