Сауат Мыңбаев түбек теміржолымен танысты

Жаңалықтар
18.04.2019, 10:56

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев Маңғыстау өңіріне барған іссапарында түбектің теміржол бөлімшесіне де ат басын бұрып, аймақтық ҚТЖ еншілес ұйымдарының бөлімшелермен өзара тиімді әрекет ету мәселелеріне қатысты өндірістік жиын өткізді.

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің 2018 жылдағы жұмыс қорытындысымен бөлімше директоры Нәжімедин Ғұбашев таныстырды. Ол негізгі қаржылық және кіріс жиынтығын құраушы көрсеткіштердің орындалғанын мәлім етті. Жүк айналымы көлемінің жоспары 102%-ке орындалса, жүк тиелімі тапсырмасы 101%-ке жетіп жығылған. Пайдалану көрсеткіштерінің толық орындалуы нәтижесінде экономикалық тиімділік 427 млн 444 мың теңгені құрапты.

– Ағымдағы жылдың бірін ші тоқсанында негізгі маңызды көрсеткіштердің, яғни жүк айналымының 112%-ке, жүк тиелімінің 102%-ке, телімдік жылдамдық пен техникалық жылдамдықтардың 102 және 101%-терге, локомотив өнімділігінің 104%-ке орындалуы қамтамасыз етілді, – деп атап көрсетті Нәжімедин Ғұбашев.

Бөлімше бастығы сонымен қатар, биылғы жылы алға қойып отырған мақсат-міндеттерімен де бөлісті. Оның айтуынша, биыл жүк айналымы 7 млрд 431 млн ткм-нетто көлемінде орындалуы тиіс. Әсіресе, Құрық, Ақтау теңіз порттары және Ақбидай, Солтүстік, Каспиан-Глобал, сондай-ақ, мемлекетаралық Болашақ, Оазис түйіспелері арқылы жүк ағынын одан әрмен қарай игерудің маңыздылығы айтылды. «KTZ Express» жетекшісі Д.Абдуллаев, Маңғыстау облысы – Транскаспий бағдары бойынша тасымалда маңызды буын болып табылатынын атап өтті. Осыған байланысты аймақта сатылым функциялары мен шұғыл мәселелерді шешу үшін «KTZ Express» агенттігін күшейту жоспарланып отыр екен.

– Бұл Маңғыстау, Атырау және басқа облыстардағы үлкен қалалардағы ірі комбинаттармен және кәсіпорындармен жұмыс істеуге, яғни, олардың көлік қажеттіліктері мен күрделі логистикалық міндеттерін шешуге бағытталып отыр, – деді Дмитрий Абдуллаев.

Өз кезегінде, «Қазтеміртранс» жетекшісі Д.Бимов, компанияда 54 мың вагон бар екенін және ол Қазақстан нарығының 40%-ға жуығын құрайтынын мәлімдеді. Алайда, оның 16%-ға жуығы жұмыс істемейтін парк, ал 24%-ын құрайтын вагондар шетелдердің теміржолдарында жүр екен. Сонда жұмыс паркі бүгінде барлығы 45 мың вагон шамасын құрап отырған көрінеді «Қазақстан бойынша ҚТТ вагондарына жүк тиеу үлесі 48%-тен аспайды. Сондықтан біз тасымалда ҚТТ вагондарын 55%-ке дейін өсіру міндетін алға қойып отырмыз», – деді ҚТТ жетекшісі.

Жиында «KTZ Express» жұмысы транзиттік контейнерлік тасымалға бағытталатыны атап өтілді. Ұлттық компания жетекшісі әрбір вагонды тиімді пайдаланып, табыс әкелуіне қол жеткізу қажеттігін ескертті. Сапар барысында «ҚТЖ»ҰК»АҚ басшысы Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің сатып алу кабинетінің қызметімен және Маңғыстау ЖТ бөлімшесінінң диспетчерлік орталығынынң қызметімен танысып, Маңғыстау теміржол вокзалына да бас сұқты.

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?