Жұмыс орындарының қауіпсіздік талаптары талқыланды

Жаңалықтар
26.04.2019, 14:08

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша әлемде қауіпсіздік техникасының бұзылуы және қолайлы еңбек жағдайы жасалмауынан туындайтын аурулардан жыл сайын 2 миллионнан астам адам көз жұмады. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша былтыр 28 өндірістік жарақат алу фактісі тіркеліпті, бұл алдыңғы жылға қарағанда 6 жағдайға кем. Осы аптада ұлттық компанияның бас ғимаратында «Қазпрофтранс» ҚБ ұйымдастыруымен «Еңбек қорғау және еңбек болашақ саласының болашағы» атты семинар өтті.

Семинарда еңбек саласының әмбебап кепілдіктері, жұмысшылардың негізгі құқықтары, жұмыспен қамту бойынша жалпыға ортақ кепілдіктер, еңбек қауіпсіздігі мен өндірісте денсаулықты қорғау және тағы да басқа тақырыптар көтерілді. Түрлі құрылымдық темір жол мекемелерінен 30-ға жуық техникалық инспекторлар қатысқан жиында компанияның техникалық орталығы өкілдері еңбек қорғау саласында білім жетілдіруге тікелей қатысы бар ғылымитехникалық кітапхана және ақпарат алмасатын жаңа жүйелер жұмысы туралы, техникалық инструкторлардың қауіпсіздік ережелері мен талаптарын сақтауды қадағалауы, қызметкерлердің жұмыс барысындағы жіберетін кемшіліктеріне қатысты басты назарға ұстайтын мәселелер жайында баяндады. Техникалық орталықтың бас менеджері Наталья Смолянова, «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев, осы филиал төрағасының орынбасары Әбиүр Жұмаев және қоғамдық бірлестіктің бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқанов тағы басқалар сөз алып, тақырып аясында әңгіме өрбітті.

Наталья Смолянова еңбек қорғау мәселесінде бірінші орында білім қажет екенін алға тартып, ұлттық компанияда әрбір қызметкердің білімін жетілдіріп, ізденісіне көмектесетін 36 техникалық кітапхана жұмыс істейтіндігін жеткізді. Ал Халықаралық еңбек ұйымының тарихы мен соның ауқымында әлемде және елімізде атқарылатын шаралар туралы айтқан Серік Сәрсекеев өндірістік жарақат алу оқиғасы жастар арасында үлкендерге қарағанда 40 пайызға көп болып келетінін жасырмады. Осы орайда компанияда 52 мың жас қызметкер бар екенін тілге тиек еткен ол, қазіргі жастардың жаңа форматтағы креативті ойлайтын, оқудың үздіксіз үдерісіне ілесе алатындығына қарамастан оларда тәжірибенің аздығы бәрібір өз дегенін жасайтынын мәлімдеді.

– «Астана» торабы теміржолшыларының кәсіподақ ұйымы ХЕҰ-ның бастамаларын жыл сайын қолдап, жұмысшылар мен кәсіподақ активін осы күнді атап өтуге шақырады. Сондықтан жылда 28 сәуір қарсаңында бірлескен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары, жұмыс орындарында еңбек жағдайын жақсартатын түрлі шаралар өткізуге, өндірістік жарақат алушылықты азайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіледі, Қазақстан аталған ұйымға 1993 жылдан бері мүше. Өндірісте қауіпсіздік сақталсын десек, еңбек қорғаудың халықаралық талаптарын қатаң сақтауға ұмтылуымыз қажет, – дейді Серік Сәрсекеев. Ал бас техникалық инспектор Қайрат Мұқанов былтыр компанияда болған 28 өндірістік жарақат алу оқиғасының төртеуі топтық жағдайда болса, алтауы өліммен аяқталғанын, бесеуі зардап шеккендердің мүгедектігімен аяқталса, 13 жағдайда уақытша еңбекке жарамсыз болып қалғанын жеткізді. Осы оқиғалардың салдарынан 400 656 мың теңге материалдық шығын келген. Жылдың соңында компанияда қысқы жұмыс киіммен қамту 79 пайызды құраған. – Өндірістік жарақат алу оқиғаларын талдасақ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-да – 14, Магистральдық желі дирекциясында – 10, «ӘТКҚ» АҚ-да – 2, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да – 1, «Теміржолсу» АҚ-да – 1 оқиға болған. Компанияда бүгінгі таңда 1301 мүгедек есепте тұр. Олардың 433-і жұмыс істейді. Биыл жыл басындағы мәлімет бойынша мүгедектер 43 арнайы автокөлікпен, 12 арбашамен қамтамасыз етілген, – деп мәлімдеді Қайрат Мұқанов. Ұлттық компания мен оның еншілес ұйымдарында еңбек қорғау және қауіпсіздік бойын ша барлығы 273 өндірістік кеңес жұмыс істейді екен. Олардың ішінде 205 кеңес Кәсіподақ бастамасымен құрылыпты. Ал теміржолдағы техникалық инспекторлар саны – 1531 адам. Мамандардың айтуынша, өндірістік кеңестер әлі де аздық етеді. Бірақ осыған да шүкіршілік деп отыр. Өйткені мұндай кеңестер міндеті – бөлімшелер, цехтар жұмысын тексеріп, кемшіліктерді табу. Былтыр олар 15265 тексеру жүргізіп, соның барысында 17295 кемшілік анықтаған. Бір айта кетерлігі, 2017 жылға қарағанда техникалық инспекторлар саны 131 адамға азайыпты. Оның бір себебі – ынталандырудың жеткіліксіздігі. Олардың арасынан үздіктерін анықтап марапаттау аздық етеді, жалақыларына қосымша ақы төлеп немесе еңбек демалыстарына күн қосу туралы ұсыныстар берілген. Себебі техникалық инспекторларға қоғамдық жұмыстар бойынша артық жүктеме берілетіні аян.

– Барлық жұмыс орындарында, автокөліктерде, жолаушылар вагондарында, арнайы жылжымалы құрамда жұмысшылар арнайы жұмыс формасымен, аяқ киіммен, басқа да жеке қорғаныш заттарымен қамтамасыз етілуіне назар аударыңыздар. Сонымен қатар жұмысшыларға нұсқаулық дер кезінде беріліп және сапалы өткізілуін, құралдар мен жабдықтардың толықтығын, медициналық қобдишалардың болуын, олардың уақытылы толықтырылу жағдайын қадағалау керек, – деп нұсқау берді бас инспектор.

Семинар барысында Астана торабы мен Атбасардан жиналған техникалық инспекторларға күнделікті жұмыстары барысында қажет оқулықтар, жадынамалар таратылды. 

Жаңалықтар
07.03.2026
ҚТЖ-да әйел теміржолшыларға құрмет көрсетілді
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Бағиланың бақыты
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Қайсарлық – қанға біткен қасиет
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Ерлік емей, немене?!
ҚТЖ келбеті
07.03.2026
Таңдауы емес, тағдыры...
Жаңалықтар
06.03.2026
ҚТЖ және SPSI Cloud Port Development агрологистика саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Теміржолшы аруларға тарту: ҚТЖ-да 8 наурыз мерекесі ерекше форматта өтті
Жаңалықтар
06.03.2026
Көлік министрлігі Huawei компаниясымен ынтымақтастықты нығайтуда
Жаңалықтар
06.03.2026
Олжас Бектенов Көкшетау теміржол вокзалын жаңғырту барысын тексерді
Жолаушылар тасымалы
06.03.2026
ҚТЖ пойыздарында мыңнан астам әйел жолаушыны 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Аймақтар
06.03.2026
Теміржолшылар коалиция мүшелерімен кездесті
Аймақтар
06.03.2026
Біздің ұжымдық блогер
ҚТЖ келбеті
06.03.2026
Әлемдік рекордтарды бағындырған теміржолшы
Жаңалықтар
06.03.2026
Еңбегі еленген теміржолшы
Жаңалықтар / Мұрағат
06.03.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №17-18 06 наурыз 2026 жыл
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ және Көлік прокуратурасы теміржол мәселелері бойынша жоспарлы отырыс өткізді
Аймақтар
05.03.2026
Айкүннің таңдауы
Аймақтар
05.03.2026
Жүрек қалауы – теміржол
Жаңалықтар
05.03.2026
ҚТЖ Бас көлік прокуратурасы тарапынан жүргізілген тексеріске түсініктеме берді
ҚТЖ келбеті
05.03.2026
Вокзал дикторының хоббиі