Шекаралық Достық станциясының теміржолшылары ағаш отырғызу акциясын өткізді.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының жанындағы Жастар кеңесінің Достық станциясы бойынша аймақтық өкілі Данияр Бимашевтің айтуынша, Қазақстан xалқының бірлігі күніне орай өткен шара барысында станция аумағына 60 түп ағаш көшеті отырғызылыпты. Ал ауыл бойынша 300 түп ағаш егілген.
Негізінен, табиғаты қатал, жыл он екі ай дерлік жел соғып тұратын аймаққа төзімді қылқан жапырақты талдар, үйеңкі, терек сынды ағаш түрлері таңдалған. Қоршаған ортаны көгалдандыруды басты мақсат еткен шара тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапқан. Бұл акцияға теміржолшылар белсенді қатысып, ауыл әкімшілігімен бірге қызу еңбек еткен.
Раушан БАУЫРЖАН