Медициналық пойыз желтоқсанға дейін жолда болады

Жаңалықтар
06.05.2019, 12:03

Елімізде сонау 2010 жылы қолға алынған «жылжымалы емханалар», яғни медициналық пойыздар қызметі жылдағы дәстүрмен биыл да жалғасын тауып, 29 сәуірде Алматы қаласынан сапарға шықты.

Бұл туралы жобаның ұйымдастырушылары болып табылатын «Samruk-Kazyna Trust» қоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің басқосуымен өткен брифингте айтылды.

«SamrukKazyna Trust» қорының бас директоры Диас Әзбергенов пойыздың жұмыс кестесі және жобаның мерзімі жайлы атап өтті. Қазақстанның темір жол бойындағы шалғай аудандарын тегін медициналық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық пойыз жобасын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ көмегімен «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры жүзеге асырады.

– Осы жылы медициналық пойыздар баратын облыстар санын арттырдық. Пойыз 14 облысты аралай отырып, 21 желтоқсанға дейін жолда болады. Медициналық пойыз кестесіне сәйкес бірінші болып Алматы облысының тұрғындарына қызмет көрсетуде. Әрі қарай пойыз Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бағыт алады. Батыс өңірлерден соң бағыты оңтүстікте жалғасады да, Жамбыл облысында өз бағдарын аяқтайды. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетті қамтиды, жүріп өту қашықтығы 19 000 шақырымнан аспақ», – дейді «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Диас Әзбергенов.

Мамандардың айтуынша, бұл жобаның іске қосылуы еліміздің шалғай аудандарында сапалы медициналық көмекке қолы жетпей жүрген тұрғындар үшін өте маңызды. Келген халыққа жедел диагностика жасауға мүмкіндік беретін жоба аясында әрбір адам тегін медициналық көмек ала алады. Өткен жылы медициналық пойыздар 124 станцияны аралап, 42 мыңға жуық халыққа қызмет көрсеткен. Биыл 60 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсету жоспарлануда.

– «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның аймақтағы филиалдарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып пойыздың қашан келіп, қанша күн тұрақтайтыны жайында шалғай станциялар халқы құлағдар етіледі. Биыл біз бұрын-соңды бұл пойыз бармаған алыс бекеттерді де қамтып, кестеге қосып отырамыз. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры – жоба әкімшісі болып табылады және пойыздардың жұмысы, техникалық қызмет көрсетілуі, жөнделуіне жауап береді. Қор пойызды, құралдарды, персоналды күзетуді ұйымдастырып, ас-сумен қамтамасыз етеді. Бағдардың барлық бағытында пойыз телефон және интернетпен үздіксіз  қамтылады. Ал пойыздың тоқтаусыз жұмысы пойыз бригадасының міндеті, – дейді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Әлеуметтік жобалар қорының директоры Ербол Кеңгербаев.

Пойыз құрамында 8 вагон бар, оның ішінде 4 вагон тек қана медициналық қызмет көрсетуге арналған. Оларда барлық жайлы жағдай жасалған. Жатын вагондарда кір жуатын, душ қабылдайтын орын бар, барлық вагондарда салқындатқыштар орнатылған.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Асқар Хорошоштың айтуынша, аталған пойыз неміс және жапон өндірісіндегі жетекші фирмалардың заманауи  диагностикалық жабдықтарымен жабдықталған. Жабдықтар келушілерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық талдаулар, рентгенография және флюорографияны, ішкі ағзалар мен тамырларды УДЗ-зерттеулерін, электрокардиограмманы, гастрофиброскопияны және диагностикалық зерттеулердің басқа да түрлерін жүргізуге мүмкіндік береді.

Пойыздардың жүру кестесін www.medpoezd.kz және www.sk-trust. kz/ru сайттарынан қарауға болады. Желтоқсанға дейін жолда жүретін пойыз жұмысын қамтамасыз ету үшін, жоба жұмысы барысында кезекпен 10 медициналық бригада іске қосылатын болады дейді ұйымдастырушылар. 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?